Елбасы "Қыз Жібекті" тамашалады

Елбасы "Қыз Жібекті" тамашалады

Елбасы "Қыз Жібекті" тамашалады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана опера» театрына барып, әйгілі "Қыз Жібек" операсын тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық алтын қордағы асыл мұрамыз саналатын Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы Үлкен зал сахнасында қойылды. Операның либреттосын Жібек пен Төлегеннің трагедиялық махаббаты туралы халықтың лиро-эпостық жырының желісімен көрнекті драматург әрі жазушы Ғабит Мүсірепов жазған. Әлеуметтік жағдайы әрқилы екі тайпа өкілінің трагедиялық махаббаты арқау болған жыр жолдарынан көшпелі қазақтың рухани өмірі, ойы мен арман-мұңы көрініс тапқан. Қойылымның музыкалық жетекшісі және қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Қоюшы режиссері – Михаил Панджавидзе (Беларусь).