Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды
Пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 2 ай қамауда отырады. Бұл туралы Астана соттары Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Нұржан Әлтаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгілі болды. 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Нұржан Әлтаевты 2 ай мерзімге күзетпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген елорда сотының хабарламасында.