Ақтөбе әкімдігі аяқ киімге арналған 200 сүрткішті сатып алу себебін түсіндірді

Ақтөбе әкімдігі аяқ киімге арналған 200 сүрткішті сатып алу себебін түсіндірді

Ақтөбе әкімдігі аяқ киімге арналған 200 сүрткішті сатып алу себебін түсіндірді
ашық дереккөзі
Ақтөбелік шенеуніктер бюджеттен ақша бөліп, тендер арқылы аяқ киім сүрткіш сатып алған деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Сырттан келген меймандардың аяғына шаң тигізгісі келмейтін ақтөбелік шенеуніктер аяқ киім тазалайтын сүрткішке тендер ойнатыпты. Облыс әкімдігі «дұшпан аяққа қарайды» деген нақылды мықты ұстанатын сияқты. Өңірге келген мейманның көңілін де, аяқ киімін де кір шалмасын деген ниетпен барымызды салдық деп отыр. Оған қазынадан 200 мың теңгедей ақша бөлген. Тендер ойнату кезінде мердігер компания 99 мың теңгені қанағат тұтып, 200 аяқ киім тазалайтын сүрткіш сатып алуға келісіпті. Шенеуніктердің сөзінше, ол сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен. Қонақтың аяқ киімін шаң басса, бюджет ақшасына алынған сүрткішпен тазалайды.
«Делегациялар көп келеді. Шетелдік инвесторлар да көп келіп жатады. Сондықтан ауа райына байланысты машинада сондай тұрады. Бізде қала түгілі, аудандарға шығады. Сосын ол жақта, өздеріңіз білесіздер, шаң», - деді Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.