Адамның сынған сүйегі қанша уақытта қалпына келеді?

Адамның сынған сүйегі қанша уақытта қалпына келеді?

Адамның сынған сүйегі қанша уақытта қалпына келеді?
ашық дереккөзі
Адамның сынған сүйегін емдеуге кететін уақыт бірнеше факторларға байланысты. Оның ішінде қай сүйектің сынғаны, сынық түрі, жас мөлшері мен тамақтану рационы, жалпы денсаулығы маңызға ие. Ересек адамның сүйегі сынса Мысалы, қолдың саусағы немесе аяқтың башпайы сынса, шамамен 3 аптада жазылады. Егер қол немесе аяқ сынса, бұл сүйектердің қалпына келуі үшін бірнеше ай керек. Орташа есеппен жазылу процесі 6 мен 8 аптаның аралығында болуы мүмкін. Ал сынған жамбас сүйектерінің жазылуы үшін бірнеше ай, тіпті 1 жылдай уақыт кетеді. Балалардың сүйегі сынса Балаларда сүйек сынықтары тез бітеді. Яғни, шамамен 3-6 аптада толығымен қалпына келеді. Сонымен қатар сүйек сынықтары толығымен біткенімен, қалыпқа келу кезеңі (бұлшықетті қалпына келтіруді және толық функцияны қалпына келтіруді қамтиды) бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Ол адамның денсаулығына байланысты.