Бердібек Сапарбаев өмірден өтті

Бердібек Сапарбаев өмірден өтті

Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
ашық дереккөзі
Мемлекет және қоғам қайреткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 70 жасында дүние салды. Қайғылы хабарды «Қазақстан» ұлттық арнасы жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын "Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау" мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. 2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2009-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2015-2019 жылдары – Ақтөбе облысының әкімі. 2019 жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. 2019-2020 ж. ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2020-2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі болды. «Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.