Астанада сәбиін құшақтаған ана 12-қабаттан секіріп кетті

Астанада сәбиін құшақтаған ана 12-қабаттан секіріп кетті

Астанада сәбиін құшақтаған ана 12-қабаттан секіріп кетті
ашық дереккөзі
Астанада 12-қабаттағы терезеден әйел мен бала құлады деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 маусымда түскі сағат 14.19-да болған. «102» нөміріне Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы хабар түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Әйел алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған, ал бала ауруханада көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.