Жаңалықтар

«Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы «Россотрудничество» басшылығымен кездесті

ашық дереккөзі

«Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы «Россотрудничество» басшылығымен кездесті

Бүгін, 9 маусым күні ҚР СІМ қарасты «Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы Мәскеу қаласында РФ Шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттік (Россотрудничество) басшылығымен кездесті деп хабарлады  turkystan.kz. Іс-шараға «Россотрудничество» басшысының орынбасары Кирилл Богомолов қатысты. Бұл туралы «Отандастар Қорының» баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында сөз алған Абзал Сапарбекұлы Ресей тарапына қор жұмысын таныстырып, осы жылда атқарылып отырған жұмыстармен және жобаларымен таныстырды. Айта кететін жайт, кездесуге Қазақстанның Астрахандағы, Омбыдағы Бас консулдары мен Мәскеудегі Елшілік дипломаттары қатысты. Жиын соңында қос тарап алдағы уақытта өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қоюға уағдаласты.