Сафа Жаңалтай, Англия қазағы: Еуропаға қазақ деген текті халық екенін танытатын жастар – біз!

Сафа Жаңалтай, Англия қазағы: Еуропаға қазақ деген текті халық екенін танытатын жастар – біз!

Сафа Жаңалтай, Англия қазағы: Еуропаға қазақ деген текті халық екенін танытатын жастар – біз!
ашық дереккөзі

Екі апта бұрын Кельн (Германия) қала­сын­да өткен Еуропа қазақ­тарының құрыл­­тайында бірінші рет жастар кездесуі ұйым­дастырылды. Еу­ропаның әр өңірінен кел­ген қан­дас­тар көкейінде жүрген мәсе­ле­ле­рін ор­таға салып, өз ұсыныстарын айтты. Көп­­­шілігі Қазақстанда жұмыс істеу, азаматтық алу, еліміздің туристік әлеуетін арттыруға қа­тыс­­ты сауал­дарға жауап алды. Ал Англиядан кел­­ген Сафа Жаңалтай өзіне он жыл бойы маза бермей жүрген ұлт мәсе­лесінің маңызына тоқталды. Оның сөзін тыңдап отырған үлкен­дер көңілі босап, көзіне жас алды. «Қазақ еке­­­німізді ұмытпайық! Өзара қазақ­ша сөй­лесейік! Өз мәдениетімізді насихаттайық!» деп үндеу тастаған Сафаның өзі де көңілі босап отырға­нын жасырмады. Сафаның мұндай бастама көтергеніне разы болған көп­шілік ду қол ша­па­лақтап «Жарайсың!» десті. Ертеңінде құрыл­тай аясында ұйым­дастырылған көрмені ара­лап жүрген Сафаны әңгімеге тартып, аз-кем сұхбаттасқан едік.  

–Түркиядан Франция, Гер­ма­ния, Анг­лияға көшкен үлкен­дер­ден «Өкі­ніш­тісі сол, өзіміз ана ті­лімізді жақсы біл­ге­­німіз­бен, балаларымызға үйрете ал­ма­дық. Біздің жастар қазақ ті­лін білмейді» дегенді жиі ести­мін. Бірақ кеше дөңгелек үстел ба­сына жиналған Еуропа жас­та­рын қазақша сөйлеуге ша­қыр­ған сізге ерекше ри­за болып, топ ішінен жарып шығып, мұн­дай игі бас­тама көтергеніңізге тән­ті болдық. Алды­мен сұрайын де­генім – қазақ тілін Англияда ар­найы курсқа барып үйрен­діңіз бе? Әлде?

– Негізі, мен өмір бойы Англияда тұрып ке­­­­лемін. Ондағы Рединг қаласында туып-өстім. Бірақ туыстарым Қазақстанда тұра­тын­дықтан, бұрын ол жаққа жиі барып тұ­ратынмын. Алғаш рет атажұртқа 1995 жылы бар­дым. Ол кезде кішкентай бала болған­дық­тан, көп нәрсе есімде қалмады. Содан кейін 2006 жылы ата-анаммен бірге сая­хат­тап бардым. Сол кезде тұрғындардың көбі қа­зақша емес, орыс тілінде сөйлейтінін бай­­қадым. Бірақ ол кезде қазақша еркін сөй­лей алмайтынмын. Одан соң атажұртқа де­малысқа емес, бір-екі жылға тұрақтап, тіл үйренуіме мына бір жайт түрткі болды. Бір күні YouTube платформасын ақтарып отырсам, әнші Ерболат Құдайбергеннің «Мен қа­зақ­пын» әніне түсірілген бейнебаянын кө­зім шалып қалды. Әлгі әнді естіген кезде өне бойым шымырлай жөнелді. Әні мен әуені келіскен әлгі туындыдан алған әсерімді сөзбен сипаттай алмаймын. Сол кезде «Сафа, сен – қазақсың. Бірақ сенің Қазақстанмен онша байланысың жоқ. Қазақ тілін де жетік білмейсің. Бұлай болмайды. Бірдеңе істеуің қажет» деп өз-өзіммен сөйлескенім бар. Мен әлгі әншіні танымаймын. Өмірімде көрген емеспін. Бірақ оның орындауындағы «Мен қа­зақпын» әні мені желпіндіріп, санамда «төң­керіс» жасады десем, артық айтпаймын. Сосын келесі жылы «Қайтсем де, қазақ тілін толық меңгеремін» деп Қазақстанға саналы түрде бардым. Сіз жаңа айтып өткендей, Еуропадағы қазақ жастары расымен қазақ тілін онша білмейді. Көпшілігі ата-ана­лары­нан үйренгенін қайталайды. Бірақ олардың ата-аналарының да білетіні шамалы. Ата­жұрт­қа тіл үйрену үшін барғандағы екінші мақ­сатым да сол – «Жастар тіл білмейді» де­ген пікірді жоққа шығару еді. Елге барған соң, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылған даярлық факультетінде оқыдым. Бір қызығы, сол жылы сабаққа қатысқан жалғыз қазақ мен болдым. Қалғаны – АҚШ, Оңтүстік Корея, Қы­тай елінен келген шетел азаматтары. Олар «Еуропадан келген қазақ қазақша үйре­ніп жүр ме сонда?!» деп таңғалды. Шы­нымды айт­сам, оған дейін Қазақстан десе, бойымды пат­риоттық сезім тулады деп айта алмаймын. Бірақ Алматыға келіп тіл үйренген соң бәрі өз­геріп сала берді. Онда барған кезде алға­­шын­да айналаммен араласуға қиналдым. Көпшілігі мен жетік білетін ағылшыншаны тү­сінбейді. Қала берді, екінің бірі орысша сөйлейді.  width=Қазақша сөйлесе де, арасына орыс­ша сөздер қосады. Ал мен олардың айтқанын түсіне алмай, әлек боламын. Бірнеше айдан кейін қазақшамды жетілдіріп алған соң, қа­зақ тілін білетіндердің өзі қазақша сөй­легенді құп көрмейтінін түсіндім. Көшеде не­месе дүкендерге жүргенде өзіміздің қарадомалақ аға-бауырларымызға қазақша сұ­рақ қойсам, орысша жауап береді. Бұл ме­нің намысыма тиді. Бірақ 2013 жылы елге барғанда көп өзгеріс болғанын байқадым. Сол кезде қала ішін аралап жүргенде көп адам­ның қазақша әңгімелескенін естіп, ерек­ше күй кешкенім есімде.

– Елде жүрген екі жылдың ішін­­­де ана тілін үйреніп қана қой­­­май, ағыл­шын тілінен курс ашып­­сыз.

– Иә, тіл үйренемін деушілерге ағылшын тілі­нен сабақ бердім. Содан кейін виза мер­зімі аяқталған соң, Англияға қайтуға мәжбүр болдым. Уақытша тұру мерзімін ұзартатын құ­жатты толтырып, өтініш жазып, тағы біраз уақытқа қалғым келген еді. Бірақ бұған жауапты мамандар ол үшін Англияға барып құ­жат жинауым керек екенін айтты. Сосын Англияға келген соң, қажет құжаттарды жи­нап, қайта барамын деп жүргенмін. Бірақ одан кейін соның бір реті келмей қойды.

– Құрылтай тарихында бірін­ші рет ұйымдастырылған Еуро­па­дағы қазақ жас­тарының бас­қо­суына арнайы ұлт мәсе­лесін көтеру үшін келгенге ұқсай­сыз.

– Дәл солай. Жалпы, мен Еуропа қазақ­тары­ның құрылтайына жыл сайын қатысуға ты­рысамын. Бұл мәселені бұған дейін де қоз­ғағым келіп жүрген. Мысалы, өткен жылы Парижде өткен құрылтайда да осы мә­селені қозғағым келген. Бірақ ол кезде ондай мүмкіндік болмады. Биыл жастар ара­сында мұндай форматтағы басқосу бірінші рет ұйымдастырылып тұрғандықтан, маған маза бермей жүрген бұл мәселені бүкпесіз, ашық айтқым келді. Расымен бұл мәселе мені көп­тен бері мазалап жүр. Мен өмір бойы Англияда тұрып келемін. Қазақтардан, қазақ мәдениетінен, қазақ тілінен жырақ ағылшын тілді ортада өсіп-өндім. Адамдар «Сен қайдан бола­сың? Ұлтың кім»? деп бэкграундымды сұра­ғанда оларға: «Атажұртым – Қазақстан. Қазақ­пын», – деп жауап беретінмін. Олар: – Сен қазақ тілін білесің бе? – Жоқ. – Онда қай тілде сөйлейсің? – Түрік. – Сен түрікке ұқсамайсың ғой. Неге түрік­ше сөйлейсің? Өз тілің ше?, – деп одан сайын тығырыққа тірейтін. Негізі, осы сұ­рақ­ты өзіме де жиі қоятынмын. Одан бө­лек, «Біз неліктен өз мәдениетімізден гөрі, тү­рік мә­дениетіне баса назар аударамыз?», «Не­­лік­тен өзара түрікше сөйлесеміз?», «Не­лік­тен той-томалақта түрік дәстүрін ұста­намыз?» де­ген секілді сұрақтар да мазалай­тын. Жал­пы, осындай құрылтай секілді жиын­дарда да көпшіліктің түрік мәдениетіне жақын еке­нін анық аңғаруға болады. Бұл ме­ні ра­сымен қынжылтады. width= Жары Элифпен[/caption]

Мұндайды байқаған кез­де ішім удай ашиды. Менің әкем Үнді­стан­ның Кашмир өлкесінде дүниеге келген. Он үш жасында Түркияға отбасымен бірге кө­шіп келген. Ал анам – Түркия қазағы. Екеуінің ата-анасы, ата-әжесі көпті көрген кі­сі­лер екені айтпаса да түсінікті шығар. Біздің ата-бабаларымыз ұлт үшін, ұрпақ үшін өздерін құрбан етті. Олар өз үйлерін, құ­нарлы жерлерін тастап, болашақ ұрпағы бей­біт елде береке тапсын деп бас сауғалап кетті. Біздің болаша­ғымыздың жарқын болуы үшін жанын аямаған оларға біз қарыз­дармыз. Олардың бізге мұра етіп тастап кет­кен игі істерін біз, жастар жалғастырмасақ, кім жалғастырады? «Сенің ана тілің осы. Бі­ліп жүр» деп санамызға құйып кеткен қазақ тілінде біз, қазақтар сөйлеспесек кім сөй­ле­седі? Басқа ұлт өкілдері «Сендер өзара қазақ ті­лінде сөйлеспейді екенсіңдер ғой. Керек ет­песеңдер, ана тілдеріңді біз дамытайық» деп біз үшін біздің тілді үйренбейді ғой? Бұл істі қазірден бастап қолға алмасақ, алдағы уа­қытта ұлт ретінде жоғалып кету қаупі бар. Мен кей кезде ойлаймын, кезінде ата-ба­баларымыз Түркия емес, айталық, басқа мате­рикте жатқан, бізбен бауырлас емес, бір этникалық топқа кірмейтін, мүлде басқа мә­дениетті ұстанатын Нигерия еліне қоныс ау­дарса, біз бүгінде нигериялықтардың мә­дениетін насихаттап, олардың тілінде сөйлеп жүрер ме едік? Ойлап қараңызшы. Еуропада таразы басын тек түрік емес, не­міс, француз, ағылшындардың да мәде­ние­ті басып кетеді. Ал қазақ мәдениеті айда­ла­да қалып қояды. Менің ішімді жегідей жей­тіні осы. Бұл – хардшип жағдай. Мен бұл ту­ралы көп ойланамын. Түркия қа­зақ­тары­ның көшу тарихын білетін боларсыз. Қытай үкі­метінен қысым көрген олар Алтайдан үдере көшуге мәжбүр болды. Егер олар жылы орын­дарын суытпай, сол жерде қалып қойса, біз қазір қытайлықтардың тұрмыс салтын қабылдап, олардың мәдениетін ұстанатын едік. Ондағы көптің ішіне кірген соң, біз тұ­тас ұлт ретінде жойылып кетер едік қой. Сон­дықтан оқшауланып, ұлт пен ұрпақ бо­лашағын бәрінен биік қойған, көш бойы не­бір қиын күндерді бастан кешірген ата-бабаларымызға қарыздармыз. Бірақ өкініш­тісі сол, Еуропадағы жастардың көбі мұны байы­бына барып түсіне бермейді. Ата-әже­леріміздің көздің қарашығындай сақтап, ала­қанымызға салып берген құндылықтарын елемейді. Қазақша білмейтіндеріне алаң­дамайды. Оған онша бас қатырмайды. Бұл, әлбетте, көңілге селкеу түсіреді. Мен жастар­ды еш кінәламаймын. Бәлкім, олардың ата-ана­лары мұның маңызы туралы егжей-тег­жейлі әңгімелеп бере алмаған шығар. Жалпы, бізде кейбір кісілер ата-бабаларының бұл жерге, бейбіт күнге қалай жеткенін түсіне бермейді. Бірақ оларға бүгінде Еуропа жерін жалпағынан басып жүрген біз жолы болғыш адамдар екенімізді түсіндіргім келеді. Оларға бізді осы күнге ата-бабаларымыздың арқа­сын­да жеткенімізді айтқым келеді. Үлкен­дері­міз қазақ екенімізді санамызға сіңіру үшін бар ғұмырын сарп етті. Сондықтан біз де қол қусырып отырмай, әрекет етуге тиіс­піз. Мен расымен болашақ ұрпақ үшін алаң­­­­даймын. Бұлай жалғаса беретін болса, бізден тарайтын ұрпақ «Ата-бабамыздың жолын жал­ғастыра ала ма? Ұлт ретінде жоғалып ке­те­міз бе?» деген сұрақтар көкейімде тұр.  width=Әлбетте, мен Түркия халқына ризамын. Олар­ды өте құрметтеймін. Жетпіс жыл бұрын құшағын ашып, жылуын аямаған, қонақ­жайлылық көрсетіп, бауырмалдық танытқан оларға алғысым шексіз. Дегенмен біздің жеке ұлт екенімізді естен шығармасақ деймін. Мен әкесі немесе анасы түрік бауыр­лары­мызды еш сөкпеймін. Бірақ арамызда мен секілді ата-анасы таза қазақ жастар же­терлік. Олар әлі күнге дейін түрік мәде­ние­тіне қызығады. Менің оларға қызықпа, ұстанба демеймін. Бәрібір өсіп-өнген ортасы әсер етпей қоймайды. Бірақ олар түп-тамы­рын, қайдан тарайтынын, қандай ұлт екенін ұмытпауға тиіс. Ең бастысы, өз ана тілін жетік білуі қажет. Бұл – тек Еуропа жастары­на емес, Қазақстандағы жастарға да қатысты мәселе. Өйткені елдегі жастар орысша сөй­леуге бейім екенін сіз жақсы білесіз. Бүгін құ­рылтайға Қазақстаннан келген біраз кісілер орысша шүлдірлеп жүр. Жаңа бір кісіге сұрақ қойсам, орысша жауап береді. Мен орысқа тіпті ұқсамаймын. Қазақ екенім бет-әлпетімнен-ақ байқалып тұр.

– Дөңгелек үстел басында отыр­­ған елуге жуық жастың сіз­ді ұйып отырып тыңдағанын аңғардық. Бұл кездесуден соң, «сең» орнынан қозғалар.

– Мен де солай үміттенемін. Кездесуге ке­л­­гендердің көпшілігіне әсер еттім деп ойлаймын. Оңашада қалғанда құндылықтар туралы ойланып, ой түйер. Менің баста­мам­ды қолдап, қол қусырып отыра бермей, аны­­­­ғында бірдеңе істеу керек екенін түсінген болар. Қазір оларда көп нәрсені өзгертуге мүмкіндік бар. Шынайы қаласа, мен көтерген мәселелердің шешімін таба алатыны анық.

– Жиында неліктен ағылшын тілінде сөйлегеніңізді енді түсін­дім.

– Неге ағылшынша сөйледім дейсіз? Үстел басында отырғандардың бәрі түсінсін деп, әдейі сол тілде сөйледім. Қазақша сөй­ле­сем, онда жиналғандардың тоқсан пайызы түсінбейтін еді. Түрікше сөйлесем де, біраз адам мен жолдағым келген месседжді түсін­бес еді. Осы құрылтай аясында өткен бұл жи­налысқа Англиядан әдейі келгендік­тен, осылай сөйлеймін, осылай жеткіземін деп дайындалып келдім. [ width= Отбасымен

– Кезінде Алтай губернаторы, Шың­жаң аралас өлкелік үкіме­тінде Қаржы министрі болған тұңғыш қазақ Жаным­хан Ті­леубайұлы, Үрімшіде көш­басшы болып, Кашмир өлкесінде, кейін Түр­кияда біраз игі істер атқарған саяси қай­раткер Дәлелхан Жаңал­­тай секілді текті тұлғалар­мен туысатын сіздің ұлт мәсе­лесіне неліктен алаңдап жүрге­ніңіз бел­гілі болды. Әкеңіз Бе­шір аға да ұлт­шыл азамат еке­нін көпшілік айтып жүр.

– Иә, Жанымхан, Дәлелхан аталарым­ның, әкемнің ізбасары болған соң, жалпы Жаңал­тай тегін арқалап жүрген соң, мой­ным­да үлкен жауапкершілік бар екенін се­зе­мін. Бірақ әулетімде маған ешкім «Сен – Жаңалтайдың ұрпағысың. Сен осындай болуың керек. Сен осылай істеуің қажет» деп бұйыра сөйлеп, игі іс жасауға мәжбүрлемеген. Бұл маған өздігінен келді. Бұл – менің ішімді жарып шыққан шынайы сезім. Ішкі дауысым.

– Ол сезім Қазақстанға екі жыл тұ­рақ­тап, қазақ тілін үйре­ніп қайтқалы бе­рі күшейе түс­пе­се, азаймаған шығар.

– Дәл солай. Соңғы рет Алматыға 2013 жы­лы барған едім. Сол кезде көп нәрсені те­рең түсініп қайттым. Есептеп қарасам, мен мұ­ны он жыл бойы ішімде сақтап жүріппін. Ке­ше дөңгелек үстелде бір ақтарылып, жеңіл­деп қалдым. Жалпы, бұл айтқаным мә­селе күйінде қала салмай, оң нәтиже берсе екен. Қазақстан мен Еуропадағы қазақ жас­тарының арасында көпір орнатылуы қажет. Қазақстанда Еуропа қазақтарының қатысуы­мен түрлі жиындар, фестивальдер өткізілсе құба-құп болар еді. Бірақ ол жиындардың ба­сым бөлігі жастарға бағытталса екен дей­мін. Өйткені біз – болашақпыз! Еуропада қазақ деген мықты ел, текті халық екенін та­ныстыратын – бізбіз! Ұлттық құндылық­тардың иесі – бізбіз!

– Алматы демекші, алдағы уа­қытта Алма­тыға бару жоспарда бар ма?

– Бұйырса! Демалып қайту жоспарда бар. Одан бөлек, жарым Элифке Алматыны көр­сет­кім келеді. Негізі, Алматы маған қатты ұнай­­ды. Табиғатына тамсанудан шарша­май­мын. Аспанмен теңесіп тұрған тауларды көру үшін алысқа барудың қажеті жоқ, көшеге шықсаң жеткілікті. Алматыдан бө­лек, Астана, Түркістан, Көкшетау қала­ларын­да болдым. Алдағы уақытта ел мақтап жүр­ген Ақтау қаласына саяхаттап қайтқым келеді. Қазақстанда туыстарымнан бөлек, дос­тарым да бар. Қазақ тілін ұмытпау үшін әлеуметтік желі арқылы олармен бейне­бай­ланыс жасап, үнемі хабарласып отырамын.

– Әңгімеңізге рахмет! Іске сәт!

Сұхбаттасқан Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ