Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ: Өзгерістер өзегі – халық игілігі

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ: Өзгерістер өзегі – халық игілігі

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ: Өзгерістер өзегі – халық игілігі
ашық дереккөзі
Жаңа Қазақстан – дамудың жаңа табалдырығына беттеген жасампаз ел ретінде әлем назарын аударып келеді. Кейінгі бір жылда елімізде болған саяси өзгерістер, атап айт­қанда, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Прези­дент сайлауы, Парламент Мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сай­лауы тағы басқа өзгерістер «Жаңа Қазақстанды» бірге құру жолындағы нақты қадамдар. Осы бағытта елімізде, сонымен қатар, Түркістан облысында атқарылып жатқан жобалардың маңызы зор. Халқымыздың әл-ауқатын көтеруде «AMANAT» партиясы өткеннен сабақ алып, бүгінімізді әділ бағалап, болашағымызға бағдар жасайтын мезгіл жетті деп санайды. Партия төрағасы Ерлан Қошанов: – «AMANAT» партиясы – бұл Президен­ті­­­­­міздің қоғамдық тірегі. «AMANAT» пар­тия­сы – бұл реформалар партиясы және Жаңа Қазақстанның жасампаздығы. Құр­мет­ті партияластар, бізді үлкен сынақтар, үл­кен науқандар күтіп тұр. Еліміз бен Пре­зи­дентіміздің бізге берген сенімін, ама­­натын бәріміз бірігіп абыроймен атқа­райық», – деген болатын. Ел болашағы – мықты басшы, бірлігі бекем халық, жігерлі жас, білімді ұрпақ арқылы жүзеге асатыны сөзсіз. Халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту, өмір сапасы мен табысын арттыру мақса­тын­да жұмылған «AMANAT»-тың жүгі ауыр. Бү­гінде партия мүшелері әр салада қажыр­лы еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Жүйелі түрде жұмыс жоспарлар бе­кітіліп, әртүрлі бағыттарда жұмыстар ат­қарылуда. Азаматтық қоғам қалып­тас­тыру негізінде халық қалаулылары жұрт­шы­лықпен етене араласып, елдегі күрмеулі мәселелерді шешуге тікелей ықпал жасап жатқаны партиямыздың басым бағыт­тарының бірі десем қателеспеймін. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдар­ламасын іске асыру бойынша Түркістан об­лысының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Облыстың әлеумет­тік-экономикалық даму қарқынын және бюджет мүмкіншілігін ескере отырып 4 не­гізгі басымдық айқындалды. БІРІНШІ, «ТАБЫСТЫ АРТТЫРУ». Түркістан облысында 2 миллионнан ас­там халық тұрады. Халықтың 80 пайызы ауыл­дық жерлерде қоныстанған. Облыс экономикасының басты сала- сы – ауыл шаруашылығы. Өңіріміз мақта, жеміс-көкөніс өнімдерін ірі өндірушісі саналады. Республикада салынған жылы­жай­лардың 71 пайыз Түркістан өңіріне тиесілі. Ауыл шаруашылығының әлеуетін ес­кере отырып, бірнеше маңызды шаралар іске асыру жоспарлануда. ЕКІНШІ, «ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУ». Өздеріңізге белгілі, облыста демогра­фия­лық өсім жоғары. Мектеп тапшылығы бар. Облыста жалпы білім беретін 998 мек­теп болса, оның ішінде 15-і үш ауысымды және 7-уі апаттық жағдайда. Алдағы 5 жылда жаңа 96 мектептің құры­лысы жоспарлануда. Оның ішінде, «Жай­лы мектеп» ұлттық жобасымен 63 мек­теп салынады. Денсаулық сақтау саласында 45 меди­ци­налық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. ҮШІНШІ, «ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚ­САРТУ». Соңғы 4 жылда облыста тұрғын үй құ­ры­лысы қарқынды дамуда. Өткен жылы 864,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайда­лану­ға берілді. Оның ішінде, «Қуатты өңір­лер – ел дамуының драйвері» ұлттық жо­басы аясында 57 көпқабатты тұрғын үйдің құры­лысы аяқталып, 3 475 пәтер тапсырыл­ды. Халықты қажетті инфрақұры­лыммен толық қамтамасыз ету бүгінгі таңда өзекті мәселе. 833 елді мекеннің 113-інде ауыз­сумен, 368-де табиғи газбен қамтылмаған. Аталған мәселені алдағы 5 жылда ке­зең-кезеңімен шешу жоспарлануда. Жер­гі­лік­ті маңызы бар жолдардың жалпы ұзын­дығы 17 504 км, қанағатты жағдайдағы үлесі 92пайыз құрады. Жол сапасын жақсарту мақсатында 2027 жылға дейін 96 км жолдарды ре­конструк­циялау және 1,4 мың км жолды жөн­деуден өткізіп, қанағатты жағдайдағы үлесін 96 пайыз жеткізу көзделуде. Аза­мат­тардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­са­тында «Бақытты отбасы» партиялық жо­басы аясында облыста құрылған 192 же­дел әрекет ету топтары арқылы отба­сы­лық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алдағы 5 жылда жергілікті полиция қыз­меткерлерін видеорегистратормен то­лық жабдықталатын болады. Сонымен қатар 60 полиция учаскесіне жөн­деу жұмыстары жүргізіледі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­сатында «Ауыл – ел бесігі» жобасы ая­сын­да 350 елді мекендегі негізгі көшелер жарық­тандырылатын болады. ТӨРТІНШІ, «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ­ДЫ ЖАҚСАРТУ» БАҒЫТЫНДА газ отыны­мен жұмыс істейтін қоғамдық көліктер са­нын ұлғайту, Түркістан қаласы аумағын­дағы жасыл белдеуді дамыту, қатты тұрмыс­тық қалдықтар полигондарын санитарлық талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Жол картада партия­лық жобалар аясында іске асырылатын іс-шара­лар да қамтылып отыр. Облыста 2,1 миллионнан астам халық тұрса, оның 75,5 пайызы ауылдық жерлер­де тұратынын білесіздер. Сол себепті, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген не­сиемен жыл сайын 2 жарым мың кәсіп­керге микронесие беруді жоспарлап отыр­мыз. «Жер аманаты» жобасы аясында өткен жылы 1 млн гектар жер ортақ жайылымға қайтарылған болатын. 2027 жылға дейін 490 мың. гектар жерді қайтару жоспар­лану­да. Сонымен қатар облыста 185 мыңға жуық зейнет жасындағы азаматтар тұрады. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясын­да алдағы 5 жылда 400-ден астам ардагерге түрлі деңгейдегі көмектер көрсетілетін бо­лады. Сондай-ақ өңірімізде 400 мыңға жуық от­басы бар болса, оның 182 мыңы – көп­ба­лалы. «Бақытты отбасы» жобасы шең­берін­де жедел әрекет ету топтары арқылы отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыратын боламыз. Ал, өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар, пайызы төмен несиелер беріп, тұрақты жұмыстарға орналастыру арқылы мұқтаж жанұялардың санын азайтуға күш саламыз. Қазір облыста 97 мыңнан астам мүм­кін­дігі шектеулі азаматтар бар. Оның 4 300-ге жуығы18 жасқа толмағандар. «Ке­дер­гісіз келешек!» жобасы бойынша алдағы 5 жылда 6,7 мыңға жуық мүмкіндігі шек­теулі азаматты жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Облыс бойынша 3 100-ге жуық нысан бейімдеуден өтіп, мектеп­тердегі инклюзивті білім беру деңгейі 100 пайызға жететін болады. Одан бөлек, Кентау қаласында мүмкін­дігі шектеулі 200 ересек аза­маттарға арнал­ған, Сауран ауданына қарас­ты Оранғай ауылында 50 орындық мүм­кіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтарын пайдалануға беретін бола­мыз. Алдағы уа­қытта да «аманаттық­тар­дың» жарқын бо­ла­шақ пен жайлы өмір жо­лында аянып қал­майтыны анық. Жалпы, Жол картада көзделген іс-шараларды сапалы орындау бойынша жүйелі жұмыс­тар жүргізілетін болады. Қабылданған шара­лар және атқарылған жұмыстар нә­тижесінде халықтың әл-ауқатын жақ­сартуға оң серпін береді деп есептейміз. Білімді ел, берекелі отбасы құнды­лық­тарына аса жауапкершілікпен қарай оты­рып, Түркістан өңірінде де өзекті мәселелер бойынша қарқынды істер қатары артып ке­леді. Жергілікті мәслихаттарда партия мү­шелері өңірді дамытуға, халық тұрмысын жақ­сартуға күш салуда. Осы мақсат жолын­да партия Президенттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық рефор­маларын толықтай жүзеге асыру үшін оған жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Алаш көсемі, айтулы Әлихан Бөкейхан «Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды» деген. Әрбір қазақстандық азамат лайықты білім мен медициналық көмек алуына, жеке қауіп­сіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеу­меттік ортада өмір сүруіне толықтай құ­қылы дейтін болсақ, бұл ретте партиямыз­дың жауапкершілік жүгі ауыр. Осыған орай, Түркістан облысы бойынша жалақы мә­селесін, жұмыссыздықтың нақты ста­тистикасын жүргізіп, онымен күресіп келеміз. Партия аталған мәселелердің шешімін тауып, тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын, ізденімпаз, азаматтарға қолдау көрсетуде. Алдағы 5 жылда жастар практикасымен 56 мыңнан астам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 15 мыңнан астам, «Жасыл ел» еңбек топ­тары арқылы жыл сайын 1300-ге жуық жас­ты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы Қазақстан­ның қалыпты дамуында қоғамда қорда­ланған әлеуметтік, тұрмыстық мәселелер билік пен халық диалогы арқылы қоғамдық келісім аясында шешілгені абзал екенін атап көрсеткен болатын. Белсенді азамат­тық ортадағы пікір еркіндігі, демократия­лық қағидалар салтанат құруы үшін азаматтардың парасатты әрі саяси сауатты болуы тиіс. Ел болашағына алаңдайтын аза­маттарды ынталандыруда әр сала бойын­ша толыққанды қолдау болғанда ғана тұрақтылық пен тұтастық салтанат құра­ды деп санаймын. Өңіріміздегі әр аза­мат жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға, әділет­сіздік пен заңсыздықтардың, жем­қор­лықтың алдын алуға, құбылмалы за­ман­да еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақты­лы­ғына тірек болуы тиіс. Түркістанның түркі әлемінің рухани аста­насы ретінде биік беделіне сызат сал­май, салауатты да сауатты орта жасай ала­ты­нымызға сенемін! Руханият – ұлт мәйегі ретінде әр аймақта серпін алуда. Осыған орай, облыс көлемінде зиялы қауым өкіл­дері­нің басын қосып, жастарға жақсы тағылым беруге үлес қосу да партияның басты міндеті. Сондай-ақ заң мен тәртіпті ту еткен Түркістан облысындағы тұрмыс­тық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары да белсенді жүргізіліп келеді. Өңірімізде ушыққан осы тақырып­тағы қиындықтарға бірлесе жүріп қоғамда жаңа құқықтық мәдениет қалыптастыру біз­дің басты ұстанымдарымыздың бірі еке­ні анық. Құрылғанына 5 жыл болған ме­рей­лі кезеңде Түркістанның жаңа эконо­микалық бағдары халық тұрмысының жақсаруын қамтамасыз ететін болады. Мұн­дағы ашық бәсекелестік, бизнесті дамы­туға және инвестиция тартуға жағдай ту­ғызу арқылы тың жобалар қуатты эконо­мика құруға оң әсер тигізіп келеді. Бұл тұрғыда «аманаттықтар» жергілікті билік өкіл­дерімен тізе қосып, тиімді ұсыныс­тар­ды мемлекет тарапынан қолдауға мұрын­дық болатыны облыс тұрғындарының көңі­ліне үміт ұялатады. Мемлекетті алға жете­леуде барлық бағытты қамти отыра қар­қынды істерді қолға алған «AMANAT» пар­тиясының мақсаты – айқын. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген Жаңа Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр. Ұшқыр уақыт, замана желі – әлемдегі гео­саяси ахуалды жыл сайын емес, күн сайын­ өзгертіп жатыр. Бұлжымастай көрін­ген халықаралық қатынастар, қоғамдық құндылықтар, әлеуметтік, адами байланыс­тар түбегейлі сынға түсуде. Осындай тарихи жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт кел­ді. Себебі мемлекеттің дербестігі, ұлт­тың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құн­дылық. Мұны еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін біліп, бағалауы тиіс. Тәуелсіздік – біздің бойтұмарымыз. Тәуелсіздік – талай тар жол, тайғақ ке­шу­ден өткен халқымыздың қолына қон­ған бақыт құсы. Біз бұған дейін мемлекетіміз қол жет­кізген табыстарға қаншалықты үлесімізді қоссақ, жіберілген қателіктер үшін де сон­шалықты жауапты екенімізді терең түсі­не­міз. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қа­зан» дейді халқымыз. «AMANAT» партиясы өткеннен сабақ алып, бүгінімізді әділ бағалап, болаша­ғы­мызға бағдар жасайтын мезгіл жетті деп санайды», – деп бастау алатын партиямыз­дың саяси тұғырнамасы халық игілігіне ба­ғыт­талған өзгерістердің өзегіне негіз­делген. «AMANAT» партиясы – еліміздегі бар­лық жаңару мен жаңғырудың ұйыт­қысы. Билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. «Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Әділет, бағдарымыз – Бірлік» ұстанымына біріккен барша қазақстандықты, түркістан­дық­тарды баянды болашақ жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырамыз!