Жаңа аулалар ашылды

Жаңа аулалар ашылды

Жаңа аулалар ашылды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстан­дықтың қасиетті мнідеті. Рә­міз­дерді дәріптеу пат­рио­тизмді арттыруға, ел тарихы мен мәдениетіне құрмет­пен қарауды үйретеді. Осы мақсатта Астана қаласында Мемлекеттік рә­міздер күніне орай жаңа аулалар ашылды. Бай­қоңыр ауданын Ш.Иманбаева көшесі 8-үй, Бөгенбай даңғылы 56-үй, А.бараев көшесі 13-үй, С.Сейфуллин көшесі 65/1-үй, А.Семби­нов көшесі 24-үй мекенжайлары бойынша жаңа аулалар пай­да­лануға берілді. Аудан әкімдігінің ұйымдас­тыруы­мен өткен ауқым­ды жиын ме­рекелік көңіл күймен бастал­ды. Бұдан бөлек, «Әр үйдегі Ту» ак­ция­сы аясында тұрғын үйлер­дің терезелері мен балкондарына Мемлекеттік Ту ілінді және үрмелі оркестрдің сүйемелдеуі­мен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Мерекелік іс-шараға аула тұр­ғындары мен қонақтар көп жиналды. «Мемлекеттік рәміздер күні­мен құттықтаймын! Елімізде ты­ныш­тық болсын, халқымыз өр­кендесін! Бұл аула ересектер мен ба­лаларға арналған демалыс ор­ны­на айналды. Тұрғындар аты­нан ал­ғысымды білдіремін. Ең бас­тысы, балаларымыз бақыт­ты бол­сын!» – деді 76 жастағы тұр­ғын Сәуле Бакеева. Іс-шара барысында анима­тор­лар ойын-сауық бағдар­лама­ларын ұйымдастырып, тұрғын үй кешен­дерінің кішкентай тұрғын­дары үшін турнирлер өткізумен жал­ғас­ты. Патриоттық әндер шыр­қалды. Аудан басшысы Ер­лан Жаулыбаев әр ауланы аралап, тұр­ғындарды мерекемен құт­тық­тады. «Бүгін біздің үйдің қасбетінде алғаш рет Мемлекеттік Ту ілінді. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Көңіл күйіміз керемет. Ойын алаң­дары да жаңартылуда және өзі­міз жаңа үйге көшкендей әсер­де жүрміз. Мереке құтты болсын! Ең бастысы, елімізге амандық пен жақсылық тілеймін!» – деді елор­да тұрғыны Мақпал Ешта­наева.