Астанада автошеру өтті

Астанада автошеру өтті

Астанада автошеру өтті
ашық дереккөзі
Жақында Елордада «Астана жастары» Жастар ре­сурстық орталығының бастамасымен Қазақ­стан Республика­сының Мемлекеттік рәміздерінің 31 жылдығына орай жыл сайынғы автошеру ұйымдас­тырылды. Іс-шараға мемлекеттік бай­рақпен жабдық­тал­ған 40-қа жуық жеңіл көлік және 10 шақ­ты мотоцикл, сон­дай-ақ, Астана қаласының еріктілері мен автово­лонтерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты – тұр­ғын­дарға мерекелік көңіл күй сый­лау, Отанға, еліміздің мемле­кет­тік рәміздеріне деген патрио­тизм мен сүйіспеншілік сезімін арт­тыру. Қазақстанның Мемле­кет­тік Туы бар 40-қа жуық көлік Мемлекеттік рәміздер алаңынан ЭКСПО аумағы арқылы Абылай хан даңғылымен Отан қорғаушы­лар алаңына дейін жүріп өтті. Жиынға АвтоМото федера­ция­сының президенті Анатолий Бондарь қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады. «Біз үшін бұл ауқымы жағы­нан да, маңызы жағынан да ерек­ше мереке. Түрлі клубтардан жи­налған автокөлік әуесқойлары елі­міздің туын қала ішінде алып жүру үшін жиналады. Бұл біздің азаматтарды шабыттандырудың жә­не оларға мерекелік көңіл күй сый­аудың ерекше тәсілі, өйткені осы тақырыпқа арналған авто­шерулер ылғи да әсерлі өтеді», – де­ді Анатолий Бондарь. Ic-шараны автоволонтерлер мен Lada granta club, JDM generations, W202, Cerato club, Camry family, Skoda club, Drive club се­кіл­ді өзге де автоклуб өкілдері қол­дады. «Мұндай автошерулерге біз­дің клуб бірнеше жылдан бері қа­тысып келеді. Біз ылғи да қала­дағы әртүрлі мәдени іс-шара­лар­ды қолдаймыз. Мемлекеттік рә­міздер күні – бұл өте маңызды, ерекше ша­быт беретін мереке, сон­дықтан бұл күнді ерекше түр­де өткізеті­німізге қуанамыз. Мем­лекеттік Туы бар автошеру­лер – менің жылдағы сүйікті іс-шараларымның бірі», – деді Lada Granta Astana автоклу­ы­ның өкілі Вера Колодий. Айта кетсек, көліктер шеруі қа­ла­мызда 2017 жылдан бері дәс­түрлі түрде өткізіліп келеді.