Сіз де «үздік болу» синдромымен күресіп келесіз бе?

Сіз де «үздік болу» синдромымен күресіп келесіз бе?

Сіз де «үздік болу» синдромымен күресіп келесіз бе?
ашық дереккөзі
Біреу үшін үздік болу синдромы зиянсыз болып көрінуі мүмкін. Алайда шын мәнінде, перфекционизм – көп адамда кездесетін мәселе. Бұл жағдайды түзетудің көптеген әдісі бар. Демек, перфекционизмнен зардап шегетін адамдар онымен күресуді және өмір сүру сапасын жақсартуды үйрене алады деген сөз. «Үздік болу» синдромы дегеніміз не? Онымен «ауыратын» адамдардың мінез-құлқы мен әрекетінде ортақ белгілер болады: - Олардың стандарттары мен талабына сәйкес келмей қалу қиын; - «Идеалға» жете алмау нәтиженің төмендеуіне әкеледі; - Күту мен шындықтың сәйкес келмеуі көбіне адамның әл-ауқатына кері әсерін тигізеді: мазасыздық, депрессия, қанағатсыздық сезімі пайда болады. Адамның белгілі бір тапсырманы «идеал» түрде орындауға деген ұмтылысының әсерінен өмірдің басқа аспектілеріне аз уақыты қалады. Ал бұл әлеуметтік оқшаулануға және мүдделер шеңберінің тарылуына әкеледі. Үздік болу синдромы өзін-өзі тым сыни бағалаумен тікелей байланысты. Бұл жағдайда «идеал» стандарттары басқаларға да, олардың әрекеттеріне де қатысты болуы мүмкін. Көбіне үздік болу синдромынан зардап шегетіндер басқалардың  өзінен кемелдік күтетініне сенеді. Перфекционизм деңгейі жоғары адамдар өздерінің жоғары стандарттары және қателік жіберуден қорқуына байланысты тапсырманы орындауға көп уақыт жұмсайды. Осының салдарынан перфекционизм обсессивті-компульсивті бұзылуды, әлеуметтік мазасыздықты, дүрбелеңді күшейтеді. Үздік болу синдромы әдетте, мектеп кезеңінде пайда болады. Синдромның себебі – баланың тым жоғары болжамы. Үздік болу синдромы бар балалар ынталы және мойынсұнғыш келеді. Олар әрдайым барлық тапсырманы орындайды, басқалардың көңілінен шығуға тырысады. Мұндай балаларда көбінесе невроз, психосоматикалық аурулар, әлеуметтік байланыс және ұжымға бейімделу жағдайында қиындықтар болады. Қалай жеңуге болады? Өмірдің қай саласында өзімнің жоғары стандарттарымды төмендете аламын? Алдымен осы сұраққа шынайы жауап беріп көріңіз. Маған қандай қызмет ұнайды әрі жайлылық сыйлайды? Мұнда нәтиже емес, процесс басты орында. Мен кіммен достық және романтикалық қарым-қатынас орната аламын? Осыған жауап бергеннен кейін психологтар өмір сүруге кедергі келтіретін синдромнан құтылу үшін бес қадамнан өтуді ұсынады: - Артық перфекционизмнің сізге қалай зиян тигізетінін анықтаңыз. - Қазіргі жағдайыңыз бен триггерлеріңізді қадағалаңыз. - Кәсіби көмекке жүгініңіз. - Жұмыс уақыты мен тапсырманы шектеуге тырысыңыз; - Перфекционизм мен қоршаған ортаның өзара әсерін қадағалаңыз. Осы қадамдарды орындау арқылы сіз тұлғааралық қарым-қатынасыңыздың мәнін түсінесіз.  

Дереккөз: АРА