Жамбыл облысында бір ауыл карантинге жабылды

Жамбыл облысында бір ауыл карантинге жабылды

Жамбыл облысында бір ауыл карантинге жабылды
ашық дереккөзі
Қазір Талас ауданы  Тамды ауылына төрт түлікті кіргізіп, шығаруға тыйым салынған деп хабарлады  turkystan.kz. Жамбыл облысындағы екі ауданнан сібір жарасының ошағы анықталып, бір ауыл карантинге жабылды деп  qazaqstan.tv. Талас ауданы Тамды ауылына төрт түлікті кіргізіп, шығаруға тиым салынған. Сондай-ақ ауру белгісі Жуалы ауданы Көлтоған ауылының тұрғынынан да анықталды.  Ауру ошағы анықталған үйлерден барлығы 21 сынама алынған. Облыстық Ветеринария басқармасының басшысы  Нұржас Құрмантаевтың айтуынша, облыста 100 жылдан бері сақталып келе жатқан сібір жарасының ошағы бар.
«Бір ғана ауылдың төңірегінде болып отырған оқиға. Даурығатындай ештеңе жоқ. Бізде облысымызда 100 жылдан бері сақталып келе жатқан сібір жарасының ошағы бар. Олардың бәрі тұрақты, күнделікті қадағалануда. Жылына 2 рет сынамалар алынып, зертханаға өткізіледі», – деді Нұржас Құрмантаев.
Қазір ветеринария мамандары аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр. Мал сойған аумақ қоршалып, топырағы залалсыздандырылды.