Жаңалықтар

Жанат Жақиянов WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы

ашық дереккөзі

Жанат Жақиянов WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы

Американың Толедо қаласында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен әлем чемпионы титулы үшін таласты. 12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бірақ отандасымыз жекпе-жекті сәтсіз бастады. Ол алғашқы раундта екі рет нокдаунға түсті. Ал қалған раундтарда ZZ (Жақияновтың рингтегі лақап есімі ) қарсыласын біраз соққыға жықты. Судьяның шешімімен есеп 111-115/115-111/116-110 болды. Жекпе-жектің мұндай нәтижесі комментатор мен көрермендермен қатар, жеңімпаздың өзі мен бапкеріне - Рикки Хаттонға күтпеген жағдай болды. Осыған дейін сарапшылар қазақстандық тарап жеңіліске ұшырайды деп айтқан екен. Бұл Жанаттың кәсіпқой бокстағы 27-жеңісі. "Профи Бокс Казахстана" басылымының мәліметінше, қазақстандық боксшымыздың қаламақысы - 30 мың доллар. Ал Уоррен болса осы жекпе-жекке 150 мың доллар қойған екен.