Жаңалықтар

Ресейлік азамат Мысырда акуланың жемтігіне айналды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ресейлік азамат Мысырда акуланың жемтігіне айналды (ВИДЕО)

Египеттің Хургада қаласында ер адамға акула шабуыл жасады. Оқиға жағалаудан 30 метр жерде болған деп хабарлады turkystan.kz.

Туристердің сөзінше, Ресей азаматын құтқармақ болғанда акула ер адамды су астына тартып әкеткен. Сондай-ақ көз жұмған азамат турист емес, бірнеше айдан бері Египетте тұрады. Қазір қалада барлық жағалаулар жабық. Кейін жергілікті тұрғындар шабуыл жасаған акуланы ұстағандарын мәлімдеді.