Жаңалықтар

Әуе компанияларында мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай жеңілдік жоқ – депутат

ашық дереккөзі

Әуе компанияларында мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай жеңілдік жоқ – депутат

Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев Астана қаласындағы әуежайға барып, компаниялардан мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай жеңілдіктер бар екенін сұрады. «Астана-Шымкент бағыты еріп жүретін адаммен бірге бір билет бағасы 63 477 теңге. Көмекші адамның билетінің құны 58 543 теңгеге шыққан. Бұл жерде бір орындай алмайтын нәрсе қойып қойған – еріп жүретін адаммен ұшу керек. Мүгедектігі бар адамдар бір бағытқа ұшатын авиабилетке өзінің толық 1 айлық жәрдемақысын төлеу, басқа сыймайтын нәрсе», - деді ол. Оның айтуынша, 1,5 сағаттық ұшудың авиабилет құны адамға 1 ай бойы тамақтануына, дәрі-дәрмегіне, өмір сүруіне мемлекеттен берілген жәрдемақысына тең. «Қазақстандық ұлттық компанияларында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ешқандай жеңілдіктер жоқ», - деді ол.