Әуе компанияларында мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай жеңілдік жоқ – депутат

Әуе компанияларында мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай жеңілдік жоқ – депутат

Әуе компанияларында мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай жеңілдік жоқ – депутат
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев Астана қаласындағы әуежайға барып, компаниялардан мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай жеңілдіктер бар екенін сұрады.
«Астана-Шымкент бағыты еріп жүретін адаммен бірге бір билет бағасы 63 477 теңге. Көмекші адамның билетінің құны 58 543 теңгеге шыққан. Бұл жерде бір орындай алмайтын нәрсе қойып қойған – еріп жүретін адаммен ұшу керек. Мүгедектігі бар адамдар бір бағытқа ұшатын авиабилетке өзінің толық 1 айлық жәрдемақысын төлеу, басқа сыймайтын нәрсе», - деді ол.
Оның айтуынша, 1,5 сағаттық ұшудың авиабилет құны адамға 1 ай бойы тамақтануына, дәрі-дәрмегіне, өмір сүруіне мемлекеттен берілген жәрдемақысына тең.
«Қазақстандық ұлттық компанияларында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ешқандай жеңілдіктер жоқ», - деді ол.