Димаш Құдайберген байқауда Кенен Әзірбаевтың әнін орындайды

Димаш Құдайберген байқауда Кенен Әзірбаевтың әнін орындайды

Димаш Құдайберген байқауда Кенен Әзірбаевтың әнін орындайды
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген Қытайдың атақты шамдар фестивалінде Кенен Әзірбаевтың "Ой жайлау" әнін орындайды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі әншінің жақын досы, PR-менеджері Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, Кенен Әзірбаевтың бұл әні Қытайда үлкен сахнада бүгін тұңғыш рет орындалып, Hunan TV телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі. "Фестиваль тікелей эфирде 19:30-да көрсетіле бастайды, ал Димаш шамамен 20:30-21:00-де эфирге шығады",  деді Шаримов. Әншінің фестивальге дайындығы түсірілген видеоны жақын досы, PR-менеджері Алпамыс Шаримов жолдап отыр. Айта кетейік, Қытайда атақты шамдар фестивалі (басқаша атауы Юань-Сяо фестивалі) The Chinese Lantern Festival (Yuan Xiao Festival) жыл сайын өтеді. Бұл мерекелік шара Қытай жаңа жылының соңғы күні өтеді екен. Кенен Әзірбаевтың бұл әнін елімізде Саят Медеуов, Нұрлан Албандар орындап жүр. Еске сала кетейік, бүгін отандасымыз I am a Singer байқауының байқауының төртінші кезеңіне қатысады. Осыған дейін Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын алған еді. "Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазған еді әншінің өкілі. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді.