Көзілдірік тағудың пайдасы мен зияны қандай?

8 маусым, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Көзілдірік тағудың пайдасы мен зияны қандай? Көру қабілеті нашар адамдар үшін көзілдірік таптырмас құрал. Десе де оның артық және кемшін тұстары бар.  Көзілдірік тағудың артықшылықтары – Көзілдірік – көру қабілетін түзетудің ең қауіпсіз әдісі; Көзілдірік тағуға қарсы көрсетілімдер жоқ. Оларды кез келген жағдайда киюге болады; – Көзілдірікті линзаларға қарағанда бір рет сатып алып, бірнеше жыл тағуға болады; – Көзілдірікке күтім жасау оңай; – Көзілдірік линзалар сияқты жиі және тұрақты ауыстыруды қажет етпейді; – Стильді аксессуар; – Көзілдірікті тағу және шешу оңай; – Инфекция жұқтыру қаупі өте төмен; – Шаң мен желден қорғайды. Көзілдірік тағудың кемшіліктері – Бәріне бірдей ұнай бермейді және көп адамдар көзілдірік тағудан ұялады; – Спортпен шұғылдануға ыңғайсыз; – Көзілдірік температураның күрт өзгеруінен тұманданады. Сондықтан жаңбырлы ауа райында немесе қыста ыңғайсыз; – Көзді кішірейтеді, диоптриялық линзалар неғұрлым көп болса, бұл әсер соғұрлым айқын көрінеді; – Миопияның жоғары деңгейінде ұзақ бейімделуді қажет етеді.