1 шілдеден бастап газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

1 шілдеден бастап газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

1 шілдеден бастап газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі
ашық дереккөзі
Энергетика министрлігі 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті деп хабарлады  turkystan.kz. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:
  • Астанада – 27 052 теңге;
  • Алматыда – 25 103 теңге;
  • Шымкентте – 26 197 теңге.
Бұл ретте бағаны 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кезең-кезеңімен көтеру  қарастырылған деп жазды Zakon.kz. 2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:
  • Астанада – 36 135 теңге;
  • Алматыда – 42 759 теңге;
  • Шымкентте – 41 158 теңге.
Басқа өңірлердегі бағаларды мына жерден көруге ​​болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және  сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілген. Бұйрық 2023 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.