Семейде мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды

Семейде мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды

Семейде мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды
ашық дереккөзі
6 маусым күні Абай облыстық балалар клиникалық ауруханасына пышақ жарақатымен түскен 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, - деп хабарлады turkystan.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.  Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тексеру жұмыстары барысында су қоймасы маңында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жанжалға қатысқандар анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. «Тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді», - деп мәлімдеме жасады Абай облысы Полиция департаменті.