Жаңалықтар

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын құрама спортшылары анықталды

ашық дереккөзі

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын құрама спортшылары анықталды

Астанада 16-18 маусым күндері өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемдік және олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды. Елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімі мынадай: Ерлер -60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан, Дәурен Сюкенов; -66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді, Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан; -73 кг: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар, Асқар Нарқұлов; -81 кг: Айбол Нысанәлі, Руслан Мусаев, Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов; -90 кг: Ермахан Ануарбеков, Мұхаммедали Мавлидов, Құдырет Досымов, Аян Байғазы; -100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Садуақас, Бекзат Шағатаев, Ислам Бозбаев; +100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев, Ерасыл Қажыбаев, Мади Еділбаев.