«Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейді» – министрлік пікір білдірді

«Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейді» – министрлік пікір білдірді

«Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейді» – министрлік пікір білдірді
ашық дереккөзі
WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады. Жазбада Үкімет қаулысына тиіс өзгерістер енгізілгені айтылған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиіс өзгерістер қаулыға енгізілмеген.
"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес, министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады", - деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.