Жүзімнің емдік қасиеті

Жүзімнің емдік қасиеті

Жүзімнің емдік қасиеті
ашық дереккөзі
Жүзімнің 70-тей түрі бар. Қазақстанда  елуге жуық түрі өсіріледі. 6 мыңдай сорты бар. Екі-үш жылда жеміс салып, 50-60 жыл бойы жеміс береді. Қанттылығы басқа жемістерден басым (20-22%). Шипалық және емдік қасиеті зор. Жүзім ас сіңіруді жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Құрамында А, В1, В2, РР дәрумендері мол. Шырыны жүрек-қан тамыр ауруларын емдейді. Одан шарап, шараптан спирт, коньяк дайындайды. Құрамында қант, сахароза, энин, кварцетин, гликозидтер, органикалық қышқылдар, балауыз бар. Асқазан-ішек ауруларына, зат алмасудың бұзылуына қарсы, қан азайғанда өкпе сырқаттарына пайдаланады. Қайнатпасын әзірлеу: 100 г мейізді езіп, жаншып, 200 г су құяды да, 10 минут қайнатады. Сөлін сығып, дәміне қарай лимон қышқылын қосады. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің қандай түрін алу керек? Кишмиш қара жүзімі. Түсі қара-көк. Тәтті дәмі бар және басқа жүзім сорттарына қарағанда үлкенірек. Оларды жаңа піскен кезінде жеген дәмдірек.  width= Конкорд жүзімі кішкентай және қою күлгін түсті. Олар қатты тәттілігімен танымал және шырыны желе мен джем жасау үшін қолданылады.  width= Мадлен Анжевин жүзімі - ерте пісетін асханалық сорт. Шырыны көп, қабығы жұқа. Саяжайда немесе үй іргесінде өсіруге болады.  width= Құлжа жүзімі - шараптық және асханалық. Түсі қызғылт-қоңыр. Аз суарса да, жақсы өсіп, мол жеміс береді.  width= Ақ Хусайне жүзімі - ашық жасыл ұзынша жеміс (халық арасында «қыз саусағы» деп атайды);  width= Мускат жүзімі жасыл, қызыл және қара сияқты әртүрлі түрі болады. Олар ерекше гүлді хош иісімен және тәтті, мускусты дәмімен танымал. Мускат жүзімі шарап жасауда және десерт рецептерінде жиі қолданылады.  width= Тербаш жүзімі. Түсі ақшыл көк, әбден піскенде сұрғылт сарыға айналады. Саяжайда өсірсе, мол өнім береді. Дәмі қышқыл.  width=