Жаңалықтар

Мәңгілік жүректесіз, мейірман әже!

ашық дереккөзі

Мәңгілік жүректесіз, мейірман әже!

Әзиза әжеміз 1938 жылдың 20 шілдесінде Ташкент қаласында дүние есігін ашқан. 10-сыныпты бітірген соң, медучилищеге оқуға түседі. Оны абыроймен тәмамдап, зейнет жасына дейін медицина саласында қалтқысыз қызмет істеді. Әзиза әжемнің Құдай қосқан қосағы Шәкең ақсақал Тау-кен құтқарушылар бөлімінде командир болып жұмыс істеген. «Адам жанына араша болсақ» деп бір арманның тұлпарын мінген екі жас білім қуып жүріп, бірін-бірі тапқан. Ойлары жарасып, соның нәтижесінде асыл мұраттарына жеткен. Еңбекте еленіп, өз ортасында «хансың» деп, «ханға лайық жансың» деп бағаланған. Алты бала өсіріп, оларға ұлағатты тәлім-тәрбие беріп, қатарынан қалдырмай оқытып, тоқытқан. Бүгінде сол алты ұл-қыздан 20 немере, 38 шөбере бар. Әзиза әжемнің «Әзентай» деп еркелетіп өткен ата-енесінен алған тәрбиесі көп. Ол жайында өз естелігінде: «Өтірік айтпауға, әр кезде сөзді тыңдауға, үлкендерге құрметпен, кішілерге ізетпен қарауға, үйге қонақ келсе, «нан қойсаң да, күліп бер» деп үйретті. «Менің көзім тірісінде үйреніп ал, мен дүниеден өткенде ағайынға басшылық етесің» деп айтатын. Ол кісі дүниеден өткенде төрт қайным да бойдақ еді. Сол төрт баланы жолдасым екеуміз алып шықтық. Оқыттық, әскерге жібердік, үйлендірдік». Әзиза Тәжібаеваның екінші мәңгілік ғұмыры басталды. Әзиз анамызға көрмеген көшесінен жарылқасын дейміз. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын!

Ысқақ ЕГЕМБЕРДИЕВ.