Сақтаныңыз: күн сәулесінен туындайтын ауру түрлері

Сақтаныңыз: күн сәулесінен туындайтын ауру түрлері

Сақтаныңыз: күн сәулесінен туындайтын ауру түрлері
ашық дереккөзі
Күн сәулесінің шамадан тыс түсуі әртүрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Солардың қауіпті дегендеріне тоқталсақ. Розацеа (қызғылт безеулер) – созылмалы ауру. Мұнда адамның бет терісі қызарып, ұсақ қызыл түйіндер пайда болады. Бұл ауруды дұрыс емдемегенде, терінің жағдайы нашарлап, нәтижесінде тері жұқарып кетеді. Актиникалық кератоз – терідегі қабыршақты дақтармен сипатталатын қатерлі ісік алдындағы жағдай. Бұл ұзақ уақыт күн сәулесінің әсерінен болады және емделмеген жағдайда терінің қатерлі ісігіне айналуы мүмкін. Терінің қатерлі ісігі – күннің ультракүлгін сәулелерінің ұзақ түсу әсерінен туындайтын ауру. Ультракүлгін сәулеленуді шектеу немесе болдырмау арқылы терінің қатерлі ісігінің пайда болу қаупін азайтуға болады. Аллергия. Кейбір адамдарда фотосенсибилизация немесе күн аллергиясы деп аталатын күн сәулесіне аллергиялық реакциялар болады. Оның симптомдары: бөртпе, қызару, қышу. Күн өту. Жоғары температура мен тікелей күн сәулесінің ұзақ уақыт әсер етуі адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қызу көтерілу, жүрек соғысының жиілеуі, бас айналу және естен тану секілді симптомдар болып жатса, тез арада дәрігерге қаралған жөн. Жоғарыда аталған мәселелерге ұшырамас үшін бірнеше кеңес ұсынамыз: – құрамында SPF-і көп күннен қорғайтын крем пайдаланыңыз; – күн сәулесінен аулақ жүріңіз, далада жүруге мәжбүр болған жағдайда басыңызға міндетті түрде жазғы бас киім киіңіз; – теріңізді үнемі тексеріп, дәрігерге өзгерістер туралы айтып отырыңыз.