Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта қарау қарастырылды

Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта қарау қарастырылды

Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта қарау қарастырылды
ашық дереккөзі
Бүгін Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің жетекшілігімен Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Жиынға қатысқандар еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бүкілхалықтық талқылаудың аралық қорытындысын талқылады. Ел азаматтары заң жобасы аясындағы өзгерістерді толық қолдап отыр. Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, Жұмыс тобының жетекшісі: - Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының бүкілхалықтық талқылауға түскеніне екі апта уақыт өтті. Өздеріңіз көріп отырғандай, қоғам реформаға ерекше қызығушылық танытып, өзгерістерді толықтай қолдап отыр. Біздің жұмыс тобының мүшелері әр азаматтың ұсынысын талдап, жеке-дара талқылауда. Оған әртүрлі саланың мамандары мен сарапшылар жұмылдырылды. Бұл ретте бүкілхалықтық талдауға Конституциялық реформаның тек жобасы ғана ұсынылғанын ескеру шарт. Ол осы ұсыныстардың нәтижесі бойынша өзгеруі мүмкін. Жұмыс тобының мүшелері халықтан Парламенттің рөлін, Үкімет пен жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту және сот жүйесінің мәселелелі бойынша 500-ден аса ұсыныс келіп түскенін жеткізді. Төлеш Қаудыров, ҚГЗУ азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры: - Осы екі аптаның ішінде 500-дей ұсыныс келді жан-жақтан. Осы реформа екі жолмен жүріп жатыр, бірінші – Конституцияны өзгерту, екінші – заңнамаларды өзгертіп, Президентке тиесілі құзіреттерін Парламент пен Үкіметке беру. Енді бүгін санап көрсек, 39 өзінің құзіретінде болатын мүмкіншіліктерін Парламент пен Үкіметке беріп жатыр. Бұл өте үлкен жұмыс. Екінші жолы – Конституцияға өзгеріс енгізу. Ең бірінші Парламент пен Үкіметтің құзіреті күшейеді. Президентке тек қана ірі, өзіне лайықты мүмкіншіліктер, құқықтар қалады. Бүкіл сұрақтар қызығушылық тудырды. Бұдан басқа, қызығушылық тудыратын тағы 26-бап, Конституцияның 26-бабы. Ол бап туралы неше түрлі ұсыныстар енгізілді. Міндетті түрде ұсыныстар ескеріледі. Өмірәлі Жалаири, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры: - Өйткені, 26-бапта, білесіз ғой, меншік туралы айтылған. Қазір әркім өзінің заңды меншіктеріне мемлекет кепілдік береді делінген. Сол себептен, оны кейбіреулер жермен байланыстырып отыр. Бірақ оның жерге қатысы жоқ. Жер туралы біздің Конституцияның 6-бабында айтылған. Жер тек қана мемлекеттік меншікте болады делінген. Кейін жобаны қабылдағаннан кейін, басқа да конституциялық заңдарға, басқа заңдарға өзгерістер болып, сонда барлық көтерілген Конституцияға енгізілген баптар нақтыланады. Парламент туралы конституциялық заңда, Үкімет, Жоғарғы сот туралы заңдар бар. Соларда осылар толық айтылады.