Жаңалықтар

«Құқықтық көмек»: шымкенттіктерге заңгерлер тегін кеңес берді

ашық дереккөзі

«Құқықтық көмек»: шымкенттіктерге заңгерлер тегін кеңес берді

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қала тұрғындары тәжірибелі заңгерлер мен білікті мамандардан заң аясындағы сұрақтарына жауап алды. Партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Ардан Аралбай және Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев заңгер мамандармен бірге келушілердің өтініштерін тыңдады. «Құқықтық көмек» партиялық жобасының негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына заңгер, адвокат, медиатор мамандар арқылы халыққа тегін құқықтық көмек беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Еліміздің барлық өңірінде аталмыш жоба аясында апта сайын тұрақты түрде тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беріледі», - деді республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты А.Аралбай.