Әлемдегі ең қорқынышты 7 мекен (ФОТО)

Әлемдегі ең қорқынышты 7 мекен (ФОТО)

Әлемдегі ең қорқынышты 7 мекен (ФОТО)
ашық дереккөзі
Әлемде аңызға арқау болған қорқынышты жерлер көп. Назарларыңызға суретін көргеннен адам бойын үрей билейтін тылсымға толы 7 мекенді ұсынамыз.

Аокигахара орманы, Жапония

[caption id="attachment_225108" align="alignnone" width="1204"] width= Фото:letsgophotos.ru[/caption] Аокигахара орманы Хонсю аралында, Фудзи тауының етегінде орналасқан. Аокигахара жапон тілінен аударғанда «көк ағаштардың жазығы» деген мағынаны білдіреді. Ал жергілікті тұрғындар арасында бұл мекен Джукай, яғни «ағаштар теңізі» немесе «суицид орманы» деп аталып кеткен. Деректерге сүйенсек, XIX ғасырда кедей отбасылар осында асырай алмаған балаларын тастап кетіп отырған. Сондықтан болар, орман іші жындарға толған деген сенім бар. Бұл орман әлемдегі ең қорқынышты жерлердің бірі болып саналады. Себебі, жыл сайын орманнан 70-100 адамның денесі табылады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2002 жылы 78 адамның мүрдесі шығарылған. Орманды аралауға көп адам жүрексінеді. Ал полицейлер мен құтқарушылар амалдың жоқтығынан жылына 1 рет суицид жасаған адамдардың денесін тауып, жинап шығу үшін кіреді. Орманның ішінде болған адамдардың сөзіне сенсек, суық әрі қараңғы мекенде елестер кезіп жүреді-мыс.

Припять, Украина

[caption id="attachment_225109" align="alignnone" width="1332"] width= Фото:klike.net[/caption] 1986 жылы 26 сәуірде әлемдегі ең ірі ядролық апаттан кейін Припять тұрғындары қаладан көшіп кеткен. Елеске толы мекен ЮНЕСКО-ның тізіміне адамзат тарихындағы ең қорқынышты техногендік апаттың ескерткіші ретінде енгізілді. Тарихи деректерге сүйенсек, 27 сәуірде қалада эвакуация жарияланып, 3 сағаттың ішінде 49614 адам қауіпсіз аймаққа шығарылған. Жарылыстың зардабынан қаңырап қалған қалада жаңадан салынған ірі ғимараттар сол күйінде тұр. Жастық шағын еске алып, кіндік қаны тамған жерге аяқ басқан адамдардың айтуынша, апақ-сапақ кезде қаланың ішінде ойнап жүрген балалардың дауыстары естіледі.

Қуыршақ аралы, Мексика

[caption id="attachment_225110" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:photoby.ru[/caption] Қуыршақ аралы Хохимилкодағы каналдардың бірінде, Мехико қаласының орталығынан оңтүстікке қарай 18 шақырым жерде орналасқан. Аралдағы ағаштарда жүздеген қуыршақ ілінген. 1950 жылы Джулиан Сантана Баррераның көз алдында кішкентай қыз суға батып кеткен. Кейінірек ер адам қыз қаза болған жерден қуыршақ тауып алған. Ойыншық марқұмның рухымен байланысты деп сенген Баррера қуыршақты ағашқа іліп қойған. Сол күннен бастап, 2001 жылға, яғни қайтыс болғанға дейін Баррера суға батқан қыздың елесін тыныштандыру үшін қоқыстан қуыршақтарды тауып, ағаштарға іле берген. Ажалы келер алдында Баррера отбасынан кетіп, аралда қоныстанған. Өмірінің соңғы күндерінде қуыршақтарды күзетумен айналысқан. Кейін ер адам түнде қыздың дауысын еститінін мәлімдеген. Артынша өзі де суға батып өлген.

Париждегі катакомбалар, Франция

[caption id="attachment_225111" align="alignnone" width="1205"] width= Фото:Twitter[/caption] Әлемдегі ең романтикаға толы қалалардың бірі – Париждің астында мыңдаған жыл бұрын қазылған жерасты туннельдердің барын бірі білсе, енді бірі білмейді. Тарихшылардың пікірінше, бұл зындандарда 6 миллионнан астам адамның денесі көмілген. Яғни, қала сүйектердің үстінде тұр. Тарихқа көз жүгіртсек, орта ғасырда өлген адамдарды шіркеулердің маңайына жерлеген. Бірақ уақыт өте зират толғаннан кейін, 1780 жылы жергілікті билік катакомбаларға адам мүрделерін жерлеу туралы бұйрық шығарған. Варфоломей түні және обадан қаза тапқандардың денесі осы туннельдерге көмілген.

Жыландар аралы, Бразилия

[caption id="attachment_225112" align="alignnone" width="1216"] width= Фото:foto-ram.ru[/caption] Кеймада Гранди – Бразилияның Сан-Паулу штатының оңтүстігіндегі кішкентай арал. Бұл жерде жемістің түр-түрі өскенімен, адам баласы табанын тіреуге қорқады. Ел арасында бұл мекен «өлім аралы» деген атау алған. Себебі аралда жыландар өте көп мекендейді. Бейресми дерекке сүйенсек, 1 шаршы метрде 5 улы жылан жорғалайды. Оның ішінде ең қауіптісі – Арал ботропсы. Бұл жыланның уынан тышқандар 2-3 секунд ішінде өледі.

Тозақ қақпасы, Түрікменстан

 width= «Тозақ қақпасы» деп аталып кеткен мекен Ербент ауылынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл жерде кратер үздіксіз отты жалынды шашып тұрады. 1971 жылы шоғырланған жерасты газын қазу және бұрғылау жұмыстары кезінде Кеңес геологтары тапқан. Зерттеушілердің бұрғылау мұнарасы мен басқа да құрылғылары пайда болған шұңқырға түсіп кетеді. Жергілікті тұрғындарға зияны тимеу үшін геологтар газды жағып жіберу туралы шешімге келеді. Олар өрт бірнеше күннен кейін сөнеді деп болжам жасаған. Бірақ кратерден шыққан газ жалыны 52 жылдан бері өшкен емес.

Гоуска сарайы, Чехия

[caption id="attachment_225114" align="alignnone" width="1200"] width= Фото:foto-ram.ru[/caption]

Чехияның Гоуска сарайы XIII ғасырда Прагадан солтүстікке қарай 80 шақырым жерде салынған. Бұл жер қорқынышты оқиғалармен аты әлемге әйгілі. Қамалдың орнында бір кездері тек түбі көрінбейтін шұңқыр болған. Жергілікті тұрғындар бұл жұмбақ жол тікелей тозаққа апарады деп сенген. Бірақ ол шұңқырға түсіп, лабиринтті аралаған адам баласы болмаған. Аңыздардың бірінде шұңқырдың үстінен салынған зәулім сарайдың қожайыны құпияны ашып көрмек болады. Өздері жерастына түсуге жүрексінгендіктен, өлім жазасына кесілген қылмыскерді шақыртып, "аман шықсан, бостандыққа жібереміз" деп келіскен. Өз еркімен шұңқырға түскен жігіттің бірер минуттардан соң жанайқайы шыққан. Жоғары көтерілгеннен кейін ол жерастынан тозақтың отынан жаралған қанаты бар құбыжықтарды көргенін айтқан. Араға бірнеше күн салып әлгі жігіт кенеттен көз жұмған.