Жаңалықтар

«Дикий Арманды» қамауда ұстау тағы 2 айға ұзартылды

ашық дереккөзі

«Дикий Арманды» қамауда ұстау тағы 2 айға ұзартылды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz. «Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметте. Айта кетейік, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын. Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.