Алматы облысында кәмелет жасқа толмаған қызды ұрлаған азамат ұсталды

Алматы облысында кәмелет жасқа толмаған қызды ұрлаған азамат ұсталды

Алматы облысында кәмелет жасқа толмаған қызды ұрлаған азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында белгісіз біреу қызды ұрлап, басқа ауылға алып кеткен деп хабарлады turkystan.kz. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Алматы облысының прокуратурасы мәліметінше, оқиға 4 маусымда таңертең Қарасай ауданы Жібек жолы ауылында болған. Видеодағы ер адамның кім екені белгілі болды. Ол Жаркенттің 36 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Сағат 10:00 шамасында 1987 жылы туған Р. есімді ер адам Жамбыл ауданы Фабричный ауылынан кәмелетке толмаған қызды алып, Қарасай ауданы Жібек жолы ауылына алып келген. Кішкентай қыз өтіп бара жатқан әйелден көмек сұраған. Әйел Қарасай ауданының полициясына хабарласқан. Сағат 11:20  шамасында қоңырау келіп түскеннен кейін күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта іс аумақтылығы бойынша Жамбыл аудандық полиция басқармасына жіберілді. Бұл факт аудандық прокуратураның бақылауында», - деп хабарлады ведомство өкілдері.