Жаңалықтар

Президент актриса Самал Еслямованы қабылдады

ашық дереккөзі

Президент актриса Самал Еслямованы қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды. Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударды. Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін атап өтті.