Әйгілі футболшы спорттық мансабын аяқтады

Әйгілі футболшы спорттық мансабын аяқтады

Әйгілі футболшы спорттық мансабын аяқтады
ашық дереккөзі
Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович спорттық мансабын аяқтады, - деп хабарлады turkystan.kz.  Италия чемпионатының 38-турында «Милан» мен «Верона» (3:1) арасындағы ойыннан соң стадиондағы жанкүйерлер спортшыға қошемет көрсетті. 41 жастағы ойыншы биылғы маусымда жарақатына байланысты «Милан» сапында тек 4 ойын өткізді.
«Бұл стадионда қаншама жақсы естеліктер қалды. Жанкүйерлер маған әр ойын сайын шабыт сыйлады. Әрқашан жанымнан табылып, маған қолдау білдірген отбасыма айтар алғысым шексіз. Екінші отбасыма айналған командаластарыма, бапкеріме, клуб сапындағы қызметкерлер мен менеджерлерге де көп-көп рахмет», - деді Ибрагимович Gianlucadimarzio.com басылымына берген сұхбатында.