Қоғамдық бақылау үш негізде жүзеге асырылады – Жұлдыз Сүлейменова
Қоғамдық бақылау үш негізде жүзеге асырылады – Жұлдыз Сүлейменова
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының екінші оқылымында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы мақұлданды. «AMANAT» партиясының алаңында депутаттар мен АҚДМ өкілі заң жобасын талқылау жұмысын жүзеге асырды, - деп хабарлады turkystan.kz.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.
«Әскерилерді және «Самұрық-Қазынаны», еншілес компанияны, дербес ұйымдарды бақылауға алу – сайлаушылардың, мамандардың көтеріп жүрген мәселелері. Біз азаматтық қоғам құрғымыз келсе, Президент айтқан ықпалды Парламент құрғымыз келсе, онда ашықтықты қамтамасыз етуіміз керек. Бұл заңда қарастырылған қағидаттар осы бағытта болуы қажет және мәліметтер мен іс-әрекеттің, шешімнің бәрі қоғамдық бақылауда болуы тиіс, - деді Жаңбыршин.
Заң жобасы аясында жұмыс тобы 2 жыл жұмыс істеді. Нәтижесінде заң жобасының үкіметтік нұсқасы барынша пысықталды.