Корольдік клубтан кеткен Бензема жаңа командамен келісімшарт жасасты
«Реал Мадрид» командасының шабуылшысы Карим Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» командасына ауысты, - деп хабарлады turkystan.kz.
Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт 2025 жылдың маусымына дейін жасалды. Бұл туралы алғашқылардың бірі болып белгілі инсайдер Фабрицио Романо жазды.