Жаңалықтар

«Үй алып беремін»: Түркістанда 8 адамды алдаған әйел ұсталды

ашық дереккөзі

«Үй алып беремін»: Түркістанда 8 адамды алдаған әйел ұсталды

Түркістан облысында 8 адамды алдаған әйел ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Түркістан облысы Полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі әйелден шағым түскенін мәлімдеді. Зардап шегушілердің айтуынша, таныс әйел мемлекеттен тегін тұрғын үй алып беремін деп сенімге кіріп, екеуінен 400 мың теңге ақша алған. Сол күйі уәдесін орындамаған ол ақшаны да қайтармаған. Қазір 5 млн теңге шығын келтірген күдікті ұсталды. Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. «Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар тұрғын анықталды. Ол жұмыссыз, бұрын осындай алаяқтық қылмысы үшін сотты болған әйел болып шықты», – делінген хабарламада. Жергілікті полицейлер күдікті әйелдің жалпы сегіз тұрғынды алдап, ақшасын алғанын анықтады. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.