Жаңалықтар

Астанада самбодан алғаш рет Азия чемпионаты өтеді

ашық дереккөзі

Астанада самбодан алғаш рет Азия чемпионаты өтеді

Астанда 5-11 маусым күндері  Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар және жасөспірімдер (ұлдар, қыздар), шеберлер және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азия және Океания  чемпионаты өтеді. Жарыс «Beeline Arena» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының спорттық және жауынгерлік  Самбо  федерациясының ұйымдастыруымен  Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің   қолдауымен  өтеді. Чемпионатқа  30 елден, атап айтқанда,  Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гонконг, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иордания,  Иран, Ирак,  Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Малдова, Моңғолия, Непал, Жапония, Жаңа Зеландия, Палестина, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин және  Оңтүстік Корея,  FIAS (Ресей)  командаларынан барлығы  600 спортшы қатысады деп күтілуде. «Самбодан Азия чемпионаты Қазақстан спорт тарихында алғаш рет өткелі отыр. Жасөспірімдер мен жастар, ересектерден бөлек, зағиптар мен нашар көретін спортшылар арасында самбо тарихындағы алғашқы Азия және Океания чемпионатын Қазақстан қабылдайды. Осы уақытқа дейін аталған санаттағы спортшылар арасында құрлықтық бәсеке ұйымдастырылған емес. Турнирді елімізде өткізудің өзіндік мәні бар. Қазақстанда осындай чемпионаттар өткізу арқылы спортшыларымыздың кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашамыз. Сондай-ақ жастардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылығы артады деген де сенім бар. Одан бөлек, елімізді және  Астана қаласының имиджін халықаралық аренада насихаттау - басты мақсаттарымыздың бірі. Чемпионатқа елімізден 24 мүмкіндігі шектеулі спортшы,  126 шебер, ұлттық құрамадан 72 самбошымыз қатысады»,  - деп атап өтті  Қазақстан спорттық және  жауынгерлік самбо   федерациясының президенті  Айдос Ақжанов. Чемпионатта спортшылар келесі салмақ дәрежелерінде  өзара мықтыны анықтайды: Спорттық самбо: Ерлер: 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг Әйелдер: 50 кг, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, 80 кг, +80 кг Жастар  (ұлдар): 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг Жастар (қыздар) : 50 кг, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, 80 кг, +80 кг Жасөспірімдер (ұлдар): 53 кг, 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг Жасөспірімдер (қыздар): 47 кг, 50 кг, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, 80 кг, +80 кг Жауынгерлік самбо (ерлер): 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг Жауынгерлік самбо (әйелдер): 50 кг, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, 80 кг, +80 кг Жастар арасында Жауынгерлік самбо (ұлдар): 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг Жастар арасында Жауынгерлік самбо (қыздар): 50 кг, 54 кг, 59 кг, 65 кг, 72 кг, 80 кг, +80 кг Шеберлер: 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг (жас аралықтары: 35-39, 40-44 және 45-49, 50-54, 55-59, 60-65, +65) Зағип жандар (SVI-1) және нашар көретіндер (svi-2) (ерлер): 58 кг, 64 кг, 71 кг, 79 кг, 88 кг, 98 кг, +98 кг . Турнирдің бас серіктестері-"Роснефть" компаниясы, «Zelmar stroy» құрылыс компаниясы,  ақпараттық қолдаушысы «Қазконтент» АҚ, «QazSport» АҚ. FIAS сертификатына ие болған сертификатталған жаттықтырушылар ғана жарыс кезінде спортшыларға төрелік етеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан  және FIAS youtube каналынан тікелей эфирден тамашалай алады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 8 маусым күні сағат 17:00 де  «Beeline Arena» спорт кешенінде өтеді.