Жаңалықтар

Әлемдегі біз білмейтін ерекше жемістер

ашық дереккөзі

Әлемдегі біз білмейтін ерекше жемістер

Әлемнің басқа шетінде өсетін, экзотикалық жемістерді білесіз бе? Олардың кейбірі тікенекті болса да, іші тәтті болады. Осы ретте бізге таңсық емес пішіні мен дәмі өзгеше, түсі мен исі арқылы дараланып тұратын бірқатар экзотикалық жемістердің тізімін ұсынамыз. Дуриан  ​ Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістанда, Индонезияда, Шри-Ланкада өседі. Әсіресе Тайландта танымал. Экзотикалық жемістің ұзындығы 5-15 сантиметр. Түсі ашық сары немесе сары-жасыл, пішіні жапырақты қырлы сопақша. Кесілгенде бес бұрышты, кейбір түрлері сегіз бұрышты болады. Дәмі бойынша тәтті немесе қышқыл түрін сатады. Құрамында кальций, магний, фосфор бар. Акеби Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде өседі. Экзотикалық рамбутанның жүзімге ұқсайтын тәтті дәмі бар. Шырынды болғандықтан, ыстық ауа-райында таптырмас жеміс. Қабығы толықтай тікенекке ұқсас жұмсақ заттармен жабылған. Көлемі 5 сантиметр, қабығы ашық-қызыл, жемісі ақ, жеуге жарамсыз сүйегі бар. Аллергиясы бар адамдарға жемісті жеу ұсынылмайды.Рамбутанның қан қысымын төмендетуге, онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі. Джекфрут