Жаңалықтар

Қара зере майы қандай ауруларға ем?

ашық дереккөзі

Қара зере майы қандай ауруларға ем?

Қара зере – емдік қасиеті мол шипалы өсімдік. Қазір қара зеренің дәндерінен қайнатылған арнайы шай да жасалады. Бұндай шай көбіне іш кебу, іш өту және өт шаншуы сияқты ауруларға ем. 

Қара зеренің дәнектері мен майы емге пайдаланылады. Мәселен, қара зере майы аллергияны, қышыма мен псориазды бәсеңдетуге, демікпеге қарсы ағзаның иммунитетін арттыруға, асқорыту қиындағанда, жоғарғы қан қысымы байқалғанда емге пайдаланылады. Түрлі витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтермен қатар, қара зере майының құрамында көмірсулар, белоктар мен майлар да бар. Өсімдік майы негізгі маймен қатар майлы қышқылдардан да түзіледі. Осы себепті аталғандардың соңғысы қанықпаған майға жатады.  Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынандай ауруларға ем екендігі белгілі:  • Қандағы холестеринді азайтады;  • Иммунитет жүйесін күшейтеді;  • Инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;  • Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;  • Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;  • Құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады; Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;  • Ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;  • Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе, т.б.);  • Өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады;  • Несеп жолдарын тазалайды; Ішті жүргізеді;  • Ішек құрттарын жоюға көмек береді; Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;  • Сүйелді кетіреді;  • Жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем;  • Белсіздікке ем;  • Семіздіктен арылуға көмектеседі;  • Тәбетті арттырады;  • Асқазанның ойық жарасын (язва) жазады, Етеккiр циклын қалпына келтіреді, т.б.

Дереккөз «Ислами таным» кітабынан алынды