Жаңалықтар

Елбасы Жолдаудың бірінші бағытын талқылауға арналған кеңеске төрағалық етті

ашық дереккөзі

Елбасы Жолдаудың бірінші бағытын талқылауға арналған кеңеске төрағалық етті

Н.Назарбаев экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері жөніндегі кеңеске төрағалық етті. Кеңеске Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды. Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.