«Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

«Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

«Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды
ашық дереккөзі
2 маусы күні елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан патриоттарының республикалық форумы өтті деп хабарлады turkystan.kz.  width= Халқымызды елдікке бастайтын айтулы форум аясында мәртебелі мемлекетімізді әлемге танытып, қоғамға ерлік істерімен отансүйгіштікті дәріптеп жүрген белгілі қазақстандықтар, белсенді жастар мен танымал тұлғалар «Жыл патриоты» марапатына ие болды.  width= Дәстүрге айналған тағылымды іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды.
«Президент өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтіп, ел мүддесі үшін тер төгіп жүрген еңбек адамдарына шынайы алғысын жеткізді», - деді министр Асхат Оралов.
Биыл еңбегімен ерекше көзге түскен 12 адам 12 түрлі номинацияда марапатталды.  width= «Мәдениет және спорт» номинациясында бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов және әлемге танымал пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich) «Жыл патриоты» атанды. Сондай-ақ отандық ғалымдар, оқытушылар, кәсіпкерлер, дәрігерлер, донорлар, IT және ауыл шаруашылығы саласының мамандары осындай абыройлы марапатқа ие болды.  width=
«Мемлекеттік рәміздер халқымыздың, оның ішінде өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын мағынасы терең, мазмұны ерекше қастерлі құндылықтарымыз. Ел мен халық игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген отандастарымызға құрмет көрсету ерекше мәртебе деп білемін. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген әртүрлі кәсіп өкілдері: дәрігерлер, ұстаздар, ерікті жастар және басқа да әлеуметтік топ мүшелері күнделікті жұмыстарымен-ақ Қазақстан дамуына қалтқысыз қызмет етіп, өз ісіне адалдығын көрсетуде. Бұл нағыз қазақстандық патриотизмнің жарқын үлгісі», - деді А. Оралов.