Жаңалықтар

«Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

ашық дереккөзі

«Жыл патриоты» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

2 маусы күні елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан патриоттарының республикалық форумы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Дәстүрге айналған тағылымды іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды. «Президент өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтіп, ел мүддесі үшін тер төгіп жүрген еңбек адамдарына шынайы алғысын жеткізді», - деді министр Асхат Оралов. Биыл еңбегімен ерекше көзге түскен 12 адам 12 түрлі номинацияда марапатталды. «Мемлекеттік рәміздер халқымыздың, оның ішінде өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын мағынасы терең, мазмұны ерекше қастерлі құндылықтарымыз. Ел мен халық игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген отандастарымызға құрмет көрсету ерекше мәртебе деп білемін. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген әртүрлі кәсіп өкілдері: дәрігерлер, ұстаздар, ерікті жастар және басқа да әлеуметтік топ мүшелері күнделікті жұмыстарымен-ақ Қазақстан дамуына қалтқысыз қызмет етіп, өз ісіне адалдығын көрсетуде. Бұл нағыз қазақстандық патриотизмнің жарқын үлгісі», - деді А. Оралов.