Ерлер әлде әйелдер: инсультті кім қиынырақ өткеретіні анықталды
Ерлер әлде әйелдер: инсультті кім қиынырақ өткеретіні анықталды
Инсульт мидың бір бөлігіне зақым келтіреді, бұл денсаулыққа өте қауіпті. Ал аурудан айығуға бірқатар фактор әсер етеді: өмір салты, тамақтану, физикалық белсенділік және басқа. Алайда ғалымдар бұған, тіпті адамның жынысы әсер етуі мүмкін екенін анықтады.
Зерттеуді кәріс ғалымдары жүргізген. Оларды профессор Ким Донг-эог және дәрігер Чунг Джин-эн басқарды. Зерттеу барысында 2011-2013 жылдар аралығында ишемиялық инсульт салдарынан ауруханада жатқан 6 464 адамның МРТ және клиникалық деректері талданды.
Зерттеу нәтижесі бойынша, әйелдер инсультті ауыр өткеретіні анықталды. Сонымен қатар 3 апта ішінде жағдайдың нашарлау қаупі 3,5%-ға, одан кейінгі тағы 3 ай ішінде бұл көрсеткіш 4,5%-ға өскен. Бұл көбіне 50 жастан асқан адамдарға қатысты болып отыр.
«Бұл зерттеу инсультпен ауыратын науқастарда ауыр симптомдар мен нашар болжам бар екенін көрсетіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар бұл әдетте цереброваскулярлық стеноз мен инсульттің орналасуындағы биологиялық айырмашылықтарға байланысты екенін көрсетеді. Басқа биологиялық механизмдерді қарастыру үшін қосымша зерттеулер қажет», - деп атап өтті профессор Ким.
Инсульт қаупін азайтудың ең жақсы жолы – оның алдын алу. Ол үшін не істеу керек екенін біле жүріңіз:
Дұрыс тамақтану: күнделікті көкөніс пен жеміс жеу. Тұзды және транс майлары көп тағамдарды шектеу;
Физикалық түрде белсенді болу: негізінен қалыпты физикалық белсенділік жеткілікті;
Темекі шегуден және алкогольден бас тарту, шектеу,
Қан қысымын бақылау;
Холестерин мен қандағы қант деңгейін тексеріңіз.
Дереккөз: KBR