Адам өлер алдында миында болатын құбылыс – зерттеу

Адам өлер алдында миында болатын құбылыс – зерттеу

Адам өлер алдында миында болатын құбылыс – зерттеу
ашық дереккөзі
Бұған дейін адам өлер кезде мидың жұмысы бәсеңдейді деген болжам болған. Алайда осыдан 10 жыл бұрынғы зерттеуде өлейін деп жатқан адамның миында нейрофизиологиялық белсенділіктің, соның ішінде ақпаратты өңдеуге байланысты аймақтарда белсенділіктің жоғарылайтыны көрсетілген. Bigthink сайтындағы ғылыми зерттеудің қазақша нұсқасын ұсынамыз. Он жыл бұрын Мичиган университетінің Джимо Борджигин бастаған зерттеушілер тобы егеуқұйрықтардың жүрегі тоқтағаннан кейінгі миындағы электрлік белсенділіктің қысқа мерзімді өсуін тіркеді. Ал «Proceedings of the National Academy of Sciences» журналында жарық көрген тағы бір зерттеу бұл құбылыстың адам миында да дәл осы формада көрініс табатынын көрсеткен. Бұл зерттеу Мичиган университетіндегі аурухананың нейрореанимация бөлімінде қайтыс болған төрт науқасқа жүргізіледі. Борджигин және оның әріптестері осы төрт пациенттің өкпені жасанды желдету аппараты өшірілгенге дейінгі және одан кейінгі электроэнцефалография (ЭЭГ) деректерін талдайды. Аппарат өшірілгеннен кейінгі алғашқы секундтардың өзінде екі науқаста нейрофизиологиялық белсенділіктің жоғарылауы байқалады. Зейін мен қабылдауға байланысты гамма толқындары және фокус пен концентрацияға байланысты бета толқындары мидың көптеген аймағында үлкенірек және бір-бірімен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар мидың оң және сол жақ жарты шарларындағы ми толқындары да бір-бірімен байланыса бастайды. Зерттеу көрсеткендей, өкпені жасанды желдету аппаратын өшіру бүкіл мидағы электрлік белсенділіктің қысқа мерзімді өсуіне әкеледі деген болжам бар. Алайда бұл жерде қайтыс болған пациенттер өмірде мүлдем коммуникативті болмаған. Сондықтан өлер кездегі ми белсенділігі әр адамда әртүрлі болуы мүмкін.