«Пара алған»: Астана қаласындағы бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды

«Пара алған»: Астана қаласындағы бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды

«Пара алған»: Астана қаласындағы бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады деп хабарлады turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазір Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.
«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.