Кельн құрылтайы

Кельн құрылтайы

Кельн құрылтайы
ашық дереккөзі
Өткен аптада Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайы дүркіреп өтті. Үш күнге жалғасқан құрылтайда қандастар көкейінде жүрген мәселелерді талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды. Жалпы, биылғы құрылтайдың бұрынғыдан өзгерек екенін айта кеткен жөн. Әсіресе, бірінші рет Еуропадағы қандас жастардың басын қосқан бұл құрылтайда көпшілік төл мәдениетімізді дамыту енді жастардың қолында екенін жарыса айтты. Мұны жете түсінген жастар жағы түп-тамырдан, рухани болмысымыздан ажырамауды парыз санайтынын жеткізді.

ҚҰРЫЛТАЙҒА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗІ КЕЛГЕНДЕЙ СЕЗІЛІП ТҰР

Құрылтайдың алғашқы күні Еуропаның 15 елінен келген 20 қазақ ұйымының бас­шы­лары дөңгелек үстел басында кездесті. Атал­ған жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Мә­лік Отарбаев, «Отандастар» қорының пре­зиденті Абзал Сапарбекұлы, Қарағанды об­лысы Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құ­сайынов және Аустрия, Бельгия, Германия, Да­ния, Испания, Нидерланды, Венгрия, По­ль­ша, Түркия, Финляндия, Франция, Швей­ца­рия, Швеция және Ұлыбритания елде­рін­дегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Со­нымен қатар Германияда тұрып жатқан не­міс отандастарымыз да қызығушылық та­нытып, Кельнге арнайы келді.  width=Кездесуде сөз алған ҚР Президентінің кеңес­шісі М.Отарбаев Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықы­­­­ласын жеткізіп, Қазақстанда қарқынды жүр­гізіліп жатқан саяси реформалар туралы ег­жей-тегжейлі айтып берді. «Алдымен Ел Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сіз­дер­ге деген зор ықыласы мен ыстық сәлемін жет­кіз­гім келеді. Біздің ең үлкен байлығымыз – бір­лік пен ынтымақ. Шетелде бір мемлекетте бір­неше қор мен қауымдастық барына біз қуа­намыз. Ешкім ешкімге бәсекелес, не бақ­та­лас емес. Қайта ондай қауымдастықтардың кө­бейгені, олардың әр салада жұмыс атқар­ғаны көңілімізді қуантады. Сіздердің атқар­ған жұмыстарыңыз біздер үшін үлкен абы­рой, зор мәртебе. Әр мемлекеттің саяси ел­ші­сі болады. Сондай-ақ халық елшісі деген ұғым­ тағы бар. Сіздер – халықтың елшісіздер. Мем­лекет басшысы Германия елінде бас­тал­ған бүгінгі құрылтайға сәттілік тілеп, арнайы құт­тықтауын жолдады. Шетелде жүрсеңіздер де, ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін бар мүмкіндіктеріңізді сарп етіп, жұ­мыс істеп жатырсыздар. Біз мұны өте жо­ғары бағалай­мыз. Біз үнемі сіздерге тілеу­лес­піз!», – деді Мәлік Отарбаев өз сөзінде. Келесі сөз кезегін алған «Отандастар қорының» пре­зиденті Абзал Сапарбекұлы 90-жылдары бас­тау алған кіші құрылтайлар өткізу мер­зімі жиілеп, жыл өткен сайын мазмұны мен фор­маты жетіле түскенін атап өтіп, мұндай тұ­рақты басқосу­дың Еуропадағы қан­дас­тарымызға берері мол екенін айтып өтті. Со­нымен қатар Қарағанды облысы Қар­қара­лы ауданының әкімі Ерлан Құсайынов қан­дас­тармен кәсіпкерлік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін жеткізіп, Еуропа қа­зақ­тарын Қарағандыда білімін жетілдіруге шақырды. Кездесу соңында ұйым өкілдері өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, өзек­ті мәселелер көтеріп, өз ұсыныс­тарын ортаға салды.  width=Содан соң көрнекті қоғам қайраткері, әйгілі Зуқа батырдың немересі, Ал­тай­дан ауған қаралы көштің басы-қасында болған Әбдірахман Четиннің түрік тіліне ау­дарылған «Өмір жолымдағы соңғы көш» ат­ты кітабының тұсаукесері болып өтті. «Кі­та­бымның түрік тіліндегі нұсқасын шыға­рып, құрылтайдың бірінші күні маған тосын сый жасадыңыздар. Кельн қаласындағы қауымдастықтың тізгінін ұстаған Сәдия Сү­рерге, «Отандастар қорына» алғысымды жет­кізгім келеді. Сонау Қазақстаннан ат ары­тып келген Президент кеңесшісі Мәлік мыр­заға да алғыс айтамын. Құрылтайға Президент кеңесшісі емес, Президенттің өзі келгендей сезіліп тұр. Себебі сіз Президенттің қандастарға деген ыстық ықыласы мен сәле­мін жеткізіп отырсыз, – деді қария ағынан жарылып. Биылғы құрылтайдың бір ерекшелігі – Еуропада түрлі ұйымда қызмет ете­тін белсенді жастар алғаш рет бір алаңда бас қос­ты. Олар Қазақстан азаматтығын алу, кә­сіп жүргізу, инвестиция құю, туристік ор­таға айналдыру, қазақ тілін үйрену және та­ғы басқа сауалдарына жауап алды. Жиын­ды ашқан Абзал Сапарбекұлы «Бүгінгі кез­де­суде әркім өзінің жетістіктеріне тоқтап, мем­лекетіміздің дамуына жаңа тың идеялар беруіне, қандай да бір маңызды мәселелер бол­са, ойын ортаға салып, барлық талап-ті­лек­терін ашық айтуына болады. Әрбір ұсыныс кері байланыс табады. Біз оны елі­міз­дің мүдделі органдарына жеткізуге дайын­быз. Президентіміз былтыр Нью-Йоркте жас қазақтармен кездесу барысында «...Сіздер қай жерде жұмыс істесеңіздер де, Нью-Йорк не­месе Еуропа, даму үстіндегі елдер бола ма, бәрі­бір сіздер қазақ болып қала бересіздер», – деген болатын. Сондықтан, біз бәріміз – бауыр­мыз. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» – деп хакім Абай айтпақшы, бір­ге болайық, дос болайық. Бізді біріктіре-тін – түбі бір шежіреміз бен түбі бір қазақ болмысымыз», – деді. Бұл кездесуге Қазақ­стан­нан арнайы келген жас кәсіпкер Алмас Жәли Еуропа жастарын бірігіп жұмыс істеуге шақырды. «Жас кәсіпкер ретінде айтарым, Қа­зақстанда бизнес жасауға мүмкіндік көп. Әлеует жетерлік. Біз Қазақстанда отырып-ақ, Өзбекстан, Дубай, Лондон нарығында жұ­мыс істейміз. Бес немесе он жыл ішінде Қа­зақстанда кәсіп жүргізу деңгейі Еуропадан жо­ғары болады. Еуропа экономикасы шат­қаяқ­тап жатқанын көбі айтады. Мұнымен ке­лісерсіз деп ойлаймын. Қазақстан эко­но­микасы, бизнес жүргізу, өнім жасау ісі жақ­сарып келеді. Мен өзімді елде кәсіпті тиімді жүр­гізуге болатынын бір дә­лелімін деп айт­сам болады. Біз, бәріміз – әртүрліміз, сөй­те тұра біз бірдейміз. Бар­шаңызды көріп, сезі­ніп, ерекше эмоцияға бөленіп отырмын. Әлеу­меттік желідегі топқа қуана-қуана қо­сылатын едім. Еуропа қа­зақтары ғана емес, бас­қа елде тұрып жатқан жастарды да бірік­тірсек болады. Сіздерге айтарым, мере­келер­де, дема­лыстарда бізге, елге келіңіздер! Сіз­дермен байланыс орна­туға әзірмін!», – деді жас кәсіпкер. ГерманияЖалпы, жастармен өткен жиын те­біреніс пен жылылыққа толы болды. Әсіресе, Англиядан келген белсенді Сафа Жаңал­тай­дың сөйлеген сөзі ешкімді бейжай қалдыр­мады. Еуропада өз ұлттық болмысынан айы­рылып бара жатқан қазақ жастарының жағдайына алаңдаған Сафа «Ата-бабалары­мыз мына дөңгелек үстел басында біздің осылай уайым-қайғысыз отыруымыз үшін басынан не кешпеді десеңізші. Біз сол кісі­лердің болашағымыз жарқын болсын деп көп нәрсені құрбан еткенін жете түсінсек деймін. Өкініштісі сол, бүгінде біздің олар салған сара жолды жалғастырып жүргеніміз шамалы. Біз өзара түрікше сөйлесеміз, түрік мәдениетіне қызығамыз. Кезінде бізді құшақ жая қарсы алған түрік халқына өте ризамын. Десе де, өзге ұлт өкілдері менен үнемі «Қазақ бола тұра, үйіңде неге түрікше көп сөйлей­сің?» деп сұрайды. Сол кезде қатты ұяламын. Мен Қазақстанға бірде-бір қазақша сөз біл­мей бардым. Бірақ ана тілімізді үйренуді басты міндет санап, қазақшаны үйреніп ал­дым. Ертең менен тарайтын ұрпақ қазақ еке­нін, қазақ тілін біліп өсуге тиіс. Бірақ Еуропадағы қандас жастар өз ана тілін біл­мейді. Мен бұған ешкімді кінәламаймын. Бірақ ана тілімізде сөйлемеу – үлкен мәселе. Мен осыған қынжыламын, ішім ашиды. Мен жүрген жерімде қазақ екенімді сездіру үшін қазақша сөйлеуге тырысамын. Осы отырған барлығыңызды солай істеуге шақырамын!», – деді Сафа толғанысын жасырмай. Кездесу соңында жастар ортақ әлеуметтік платформа мен Еуропа қазақ жастары альянсын құру туралы уағдаласты.

ЕУРОПАДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ АРТЫНДА АСҚАР ТАУДАЙ ЕЛІ ТҰРҒАНЫН БІЛЕДІ

Құрылтайдың екінші күні спорт сайыс­тары мен көрме ұйымдастырылды. Әсіресе, көп­шілік құрылтай сайын бәсекенің көркін қыз­дыратын футбол жарысын көз алмай та­машалады. Құрылтай аясында өткен доп до­дасына Франция, Германия, Дания, Голлан­дия және Қазақстаннан келген жалпы саны 11 команда қатысты.  width=Финалда Кельн құрама­сын жеңген алматылықтар былтыр Парижде өткен құрылтайдағы жетістігін қайталап, екін­ші рет Құрылтай кубогін ұтып алды. Ал Да­ния құрамасында өнер көрсеткен қан­дас­тар үшінші орынды қанжығалады. «Құрыл­тай кубогін екінші рет Алматыға алып бара жатқанымызға қуаныштымын. Былтыр Фран­ция астанасы Парижде чемпион атан­ған едік. Биыл сол чемпиондық атағымызды қор­ғай алдық. Түрлі елден келген әуесқой ойын­шылармен алаңда қарсылас болға­ны­мен, алаң сыртында – қандаспыз. Бір-бірі­міз­бен танысып, телефон нөмірлерімізбен ал­масып, байланыс орнатып жатырмыз. Осын­дай жарыстар рухты ерекше көтереді», – дейді «Алматы» командасының капитаны Дархан Қайназаров. Ал Кельн командасының сапында ой­на­ған Асқар Ерол «Алматы» командасы мү­ше­ле­рін жеңісімен құттықтап, футбол ойыны қан­­дастарды біріктіретінін атап өтті. «Алма­ты­дан келген ағалармен жақын танысып, бай­ланыс деректерін жазып алдық. Әлеу­мет­тік желідегі парақшаларына да жазылдық. Ертең Алматыға бара қалсақ, бізді құшақ жайып, күтіп алатын ағайлардың барына ерек­ше қуанып жатырмыз. Жалпы, осы құрыл­тайда көп дос таптым. Сол үшін өте қуа­ныштымын!», – дейді Асқар алаң сыртына шығып бара жатып. Футбол жарысынан бөлек, Қазақ­стан­нан кел­ген «Тәрбия», «Гүлзира Үсен­қы­зы», «Дана­дель» сән үйлерінің ұлттық на­­­­­қыштағы за­ма­науи киімдер жәрмеңкесі, Қа­зақстан қо­лөнершілер одағының мүшесі Қай­рат Шапа­баевтың қолөнер бұйымдары­ның жәр­меңкесі, сондай-ақ суретші, гра­фи­калық ил­люстратор Әйгерім width= Кәрібаева мен Ба­қыт Шө­кетаевтың, кәсіби фотограф Ал­ха­ров Оң­ғарбектің этно-фото көрмесі өтті. Ни­дер­ланды елінде 35 жыл бойы тұрып жат­­қан Бейзагүл Бозқұрт Еуропада мұндай көр­­ме­лерді жиі тамашалау мүмкіндігі бол­май­­тындықтан, ерекше әсерге бөленгенін ай­­та­ды. «Біз Амстердамнан Кельнге 2,5 сағат кө­­лікпен жүріп келдік. Келмеске болмады, се­бебі балаларымыз қазақ мәдениеті туралы он­ша көп білмейді. Бүгін оларға жәр­мең­ке­лерге қойылған ұлттық нақыштағы сурет­тер­ді көрсетіп, ұлт тарихы туралы бар біле­ті­ні­мізді баяндадық. Қолөнершілерден маңыз­­ды деректер естідік. Маған ерекше үлгі­дегі қазақи киімдер ерекше ұнады. Біздің мә­дениет бай екенін жиі естимін. Бүгін осы көр­мелер мен жәрмеңкелерді тамашалап, бұ­ған тағы да көзім жетті», – дейді Бейзагүл. Көрме кезінде қазақстандық баспа­лар­­дан шыққан кітаптар көзімізге оттай ба­сыл­ды. Соңғы 10 жыл  width=Берлинде тұ­рып жатқан Айнұр Болатбайқызы құрыл­тай­ға келген қандастардың қазақша басы­лып шыққан балалар кітабын көп сатып алып жатқанын айтады. Екі жыл бұрын Берлинде «Мирас» қазақ мәдени орталығын ашқан Айнұр «Еуропада тұратын қандастар елде бестселлер кітаптардың қазақшаға ау­да­рылғанынан бейхабар екен. Кейбірі «Тіпті, мына кітапты да қазақшаға аударған ба?!» деп таңғалып жатыр. Кішкентайынан қазақ­ша кітап оқуға дағдыланған бала жасөспірім кезінде «Мен кіммін?», «Менің ұлтым кім?» де­ген сұраққа өзі-ақ жауап беретін болады. Сон­дықтан бұл кітаптарды Қазақстаннан ар­найы алдыртып, осында көпшілік назары­на ұсынуды жөн көрдім», – дейді. Құрылтай кезінде қандастарымыз фут­бол­дан бөлек, ұлттық ойындарға да ерекше қы­зығушылығы бар екенін байқатты. Қазақ­стан­нан арнайы келген асық ату федера­ция­сының бапкері Жомарт Сабыржанов ер ба­л­алардың көбі асық иіру білетінін айтып, қы­зыққа толы ойын болып жатқанына қуа­нып тұрғанын жеткізді. Ал тоғызқұма­лақ­тан шеберлік сыныбын өткізген бапкер Мақ­сат Шотаев қандастар бұл ойын туралы бұрын-соңды естімегенімен, бір үйреткеннен барлық ережені түсініп, соңында қайта-қайта ойнағысы келгенін атап өтті.  width=Ұлттық ойындарды ерекше қызығу­шы­лықпен ойнап жатқанын бақы­лап тұрған Ысмайыл Кесиджиді әңгімеге тарт­тық. Ұлыбританияда 23 жыл бойы қазақ қо­ғамын басқарған ол мұндай құрылтай өт­кізудің бәрінен бұрын жастарға пайдасы мол екенін айтады. «Еуропаның әр елінде жүр­ген жастар осындай құрылтайларда кез­дес­песе, басқа қайда кездеседі? Бір-бірін қай­дан табады? Әрі кетсе Еуропаның қала­ларын­да тұрып жатқан бір-екі туыстарының үйіне кіріп шығар. Бірақ құрылтайда мың­даған қазақты көріп, ортасы кеңеймей ме?! Әрі қыздар мен жігіттер осындай жиындарда таны­сып, артынша көңіл жарастырып, үйлі бо­лып жатады. Мысалы, біз Кельннен үш қызды ұзатып алдық. Ал өзге қандастар біздің екі қызымызға құда түсті. Бұл жақсы емей немене?! Сосын олар құрылтай арқылы қазақтың биік рухын сезіне алады.  width=Ата-анасы сөзбен сипаттап түсіндіре алмағанды осындай жиындарда түсінеді. Содан соң олар атажұртқа табаны тимесе де, «Қазақстан деген кең байтақ жеріміз бар» деп айтып отырады. Мен мұны жастардың ауызынан сан рет естідім. Олар онда бармаса да, ар­тын­да асқар таудай елі тұрғанын біледі. Міне, құрылтайдың пайдасын қараңыз! Сосын тағы бір айтатын жайт, Еуропада көп ұлт тұ­рады. Бірақ олар біз жыл сайын өткізетін құрыл­тай немесе жиындарды өткізбейді. Германияда 4-5 млн түрік тұрады. Еуропада армян­дар көп тұрады. Бірақ олардың ешбірі құ­рылтай се­кілді іс-шара ұйымдастырмайды», – дейді Ыс­майыл аға құрылтай өткізудің ерекше­лі­гіне баса назар аударып. Осы кезде Ысмайыл ағаның сөзін қостай жөнелген Франция қазағы Мұстафа Зенгин 1994 жылы Мюн­хен­де өткен құрылтайды алғаш ұйымдас­тыру­шы бес қандастың бірі болған екен. «Құ­рыл­тайдың бастапқы мақсаты да – жаңа Ыс­майыл атап өткендей, жастарды таныс­тыру болатын. Балаларымыз ертең неміспен немесе французбен үйленіп кетуі мүмкін. Дұрысы, қазақ қазақтан қыз алсын, қазаққа қыз берсін деген мақсатты көздеп, жастарды таныстыру мақсатында ұйымдастырған едік. Біз болжағандай-ақ, көп жас серігін тауып, үйлі-баранды болды. Мысалы, туған жиенім Лон­донда өткен құрылтайда болашақ жа­рын тауып, отбасын құрды. Әрі құрылтайда танысып, бірге кәсіп бастап кеткендер де бар. Бұрын тек Еуропа қазақтары бас қосатын. Уақыт өте келе, Қазақстаннан көп қазақ ке­ле­тін болды. Мысалы, Қазақстаннан келген сен­дермен қазақша сұхбаттасып, марқайып қал­дық. Қазақша сайрап, қазақтардың орта­сында жүргенге не жетсін, шіркін?!», – дейді Мұстафа аға.

ҚҰРЫЛТАЙ – ЖАЙ ҒАНА ЖИЫН ЕМЕС

Құрылтайдың жабылу салтанатында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропа қазақтарына жолдаған құттықтау хатын оқып берді. «Қадірлі қандас бауырлар! Бүгінгі таңда қазақтар әлемнің қырықтан астам мемлекетінде өмір сүріп жатыр. Кезінде тағдырдың жазуымен тарыдай шашылып, Анадолы жерінен пана тапқан бауырларымыз қазір Еуропаны жайлаған бір қауым ел болып отыр. Қалибек Хәкім, Хасен Оралтай, Халифа Алтай, Мұстафа Өзтүрік, Дәлелхан Жаналтай, Әбдірахман Четин сияқты тұлғалар ел мақтанышы атанды. Олар өздерінің ізін басқан жастардың бойына қазақтың тілін, ділін, рухын сіңіріп, ұрпақтың тамырынан ажырамауына көп еңбек сіңірді. Аға буынның осы өнегелі жолын жалғастырып, қандастарымыздың ұлттық болмысын сақтау өте маңызды. Осы орайда, әлемнің әр түкпірін мекен еткен бауырларымыздың басын қосып, ұйыстыру жолында елеулі еңбек етіп жүрген ұлтжанды азаматтарға ризашылық білдіреміз. Баршаңызға амандық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!», – делінген хатта.  width=Содан соң қоғам қай­рат­кері Әбдірахман Четинге Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан екін­­ші дәрежелі «Достық» ордені табыс етіл­ді. Аталған орденді Қазақстан Респуб­ли­касының Германия Федеративтік Респуб­ли­ка­сындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұр­лан Онжанов табыстады. Одан бөлек, футбол ойыншылары мен марафонға қатысқан жасөспірімдер марапатталды. Қазақстан, Германия, Польша жә­не Испаниядан келген өнерпаздар ұлттық ас­паптарда ойнап залда отырған қалың жұрт­тың ерекше қошаметіне бөленді.  width=Соны­мен қатар, қыз-келіншектер арасында ұлт­тық киім көрсетілімі ұйымдастырылды. Көп­тің көзайымына айналған «Тұран» этно-фо­льк­лорлық ансамблі бүгінде хитке айнал­ған туындыларын нақышына келтіре орын­дап, жиналған жұрттың көңілін сергітіп жіберді. Залда отырған қарттардың арасында Пәкістанда  width=туып-өскен, қазір Мюнхенде тұрып жатқан Халима әженің көңілі толқып, көзіне жас алғанын байқадық.  «Концерт ұна­ды ма, әже?» деген сұрағымызға, ақ жау­лы­ғымен көзін сүртіп жатқан қария «Бұл әлем­де домбыраның үніне жетер үн бар ма, қал­қам?!» деп жауап берді. «Жаңа сахнада шыр­қалған бірнеше әннің мәтінін білемін. Қо­сылып айтып отырдым. Күйлердің де әуе­ні таныс. Жүрегім жібіп сала берді. Қазақ­стан­нан келген сендерге не деймін? Өз қа­за­ғымсың. Өзімнің қызымсың. Бауырымсың. Жақынымсың. Көз алдымызда жүрмесеңдер де, көңілімдесіңдер. Қазақстан дами берсін! Түркия құсап турист көп баратын елге ай­нал­­сын. Осы жақтың қазақтары Түркияға көк теңізге түсуге барады. Онда барғанша, Қа­зақстанның теңізіне барып түссін. Қазақ­стан­ның ішін араласын. Атажұртын таны­сын! Аллаға аманат, балам!» деп ақ тілегін жаудыра жөнелді. Жалпы, құрылтайдың соңғы күнінде жиылған қауымның бір-бірінен ажы­рағысы келмейтінін аңғардық. Тіпті, топ ішін­де ұйымдастырушы Маржан апайдың «Құ­рылтай ертең тағы жалғасса ғой!» деген дауы­сы естілді. Жиырма жыл бойы құрыл­тай­ға үздіксіз қатысып келе жатқан 71 жас­та­ width=ғы Қадыс ата құрылтайдың соңғы күнінде қа­зақтар үнемі осылай қимай қоштасатынын ай­тады. 45 жыл бойы Аустрия астанасы Вена қа­ласында тұрып жатқан Қадыс ата «Мен құрыл­тайға жыл сайын қатысамын. Еуро­па­ның қай бұрышында өтсе де, қалмай бара­мын. Жан-жақтан келген туыстармен, қан­дас­тармен қауышып, түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп, жеңілдеп қаламын. Біз Аустриядан 20 шақты адам 7-8 көлікпен келдік. Барлығы да құрылтайдың жоғары деңгейде өткенін ай­тып жатыр. Жылына бір рет өтетін мұндай жиындарда жас балаша қуанып, масайрап қаламыз», – дейді қария. Айтпақшы, Еуропа қазақтарының біразы биыл width= Қазақстаннан көп қазақ келгенін ерекше атап өтті. Италияның Швейцариямен ше­каралас аймағында орналасқан Альто Адид­же облысында тұратын Айнұр апай «Мен 1969 жылы осы Кельн қаласында дү­ниеге келдім. Ата-анам жұмыста болған соң, Түркияда ата-әжемнің қолында өстім. Сосын Германияға оқуға түсіп, осында тұрмысқа шықтым. 2002 жылы отбасымызбен бірге Ита­лияға қоныс аудардық. Мен – Италияда тұра­тын жалғыз Алтай қазағымын. Денсау­лы­ғыма байланысты 15 жыл бұрын зейнетке шыққан едім. Бірақ ауырсам да, сырқасам да, құрылтайдан қалмаймын. Керісінше, құрыл­тайға қатыссам, уайымым сейіліп, өзімді керемет сезінемін. Мұндайда бәрін ұмыта­мын. Бұл жолы Қазақстаннан көп қазақ кел­­ген екен. Олармен сөйлесіп, көңілім кө­те­рі­ліп, бір жырғап қалдым», – дейді Айнұр апай.  width=Кеш соңында залдағы көпшілік 34 жас­тағы Реджеп Найманды қаумалап, суретке түсіп, құттықтауларын жаудыра бас­тады. Арнайы құрылтай үшін Мюнхеннен Кельнге дейін 500 шақырым жолды 5 күнде жүріп өткен Реджепті Кельн қазақ мәдениет орталығының төрағасы Сәдия Сүрер арнайы алғыс хатпен марапаттады. «Құрылтай – жай ғана жиын емес. Құрылтай – үлкен тарихы бар ерекше іс-шара. Құрылтайдың пайдасы тура­лы көп естідім. Кітаптан оқыдым. Түрлі ви­деолар көрдім. Еуропаның әр бөлігіне ша­шырай тараған қазақтардың бірлігін нығай­та түсетін осындай құрылтай екенін екінің бірі айтады. Қазақ – қазіргідей алмағайып за­манда береке мен бірлікті ту етіп ұстап тұр­ған мықты халықтардың бірі. Сондықтан Қазақстан ішінде де, оның сыртында да қа­зақ екенімізді ұмыттырмайтын осындай ке­лелі кездесулер көп болсын деп тілеймін!», – деді Реджеп тебірене сөйлеп. Сонымен үш күнге созылған құрыл­тай аяқталды. Бір-бірімен қауы­шып, арқа-жар­қа болған қандастарымыз қи­май қош­тас­ты. Қай елдің қазағы бол­сын, жүрегі бір, ті­легі бір екенін көрдік. Шет­тегі қандастарымыздың атажұрт – Қа­зақстанына кәдімгідей арқа сүйей­ті­нін сезіндік. Оларды іздейтін, керек ке­зін­де көмек қолын созатын мемлекеті­міз­дің барына мерейлендік. «Атажұр­ты­мыз аман болсын!» деген алыстағы ағайын­ның ал­ғау­сыз тілегі қабыл бол­ғай!

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ Астана–Франкфурт–Кельн– Франкфурт–Астана