Президент Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды

Президент Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды

Президент Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды. Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарланып отыр.