Әдебиеттану ғылымының шандозы

Әдебиеттану ғылымының шандозы

Әдебиеттану ғылымының шандозы
ашық дереккөзі
Айтматов Академиясының және Жоғары мектеп Ұлттық Академиясының академигі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қансейіт Әбдезұлы – ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бері араласып жүрген ұстазымыз. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғылым жолындағы алғашқы қадамыма ақ батасын беріп, кандидаттық диссертацияма ресми сарапшы болып еді. Содан бері отыз жылға жуық уа­қыт өтіпті. Осы уақыт ара­лы­ғында қаншама басшылық қыз­мет­тер атқарды. Абай атындағы Қа­зақ педагогикалық университетінің проректоры, Қыздар педагогикалық уни­верситеті мен әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ ұлттық университетінің фи­лология факультетінің деканы, уни­верситет жанындағы Диссер­та­ция­лық кеңестің төрағасы болған ұзақ жылдарда алғашқы көрген қал­пым­нан әсте өзгерген емес. Оның не­гізгі себебін ғалымның туа біткен бол­мысынан іздеуге болады. Жеміс ағаш­тары піскен сайын жемісін кө­тере алмай, жерге қарай иілетіні тә­різ­ді, адам баласы да ақыл-па­ра­саты толығып кемелденген сайын иіліп қарапайымдала түседі. Осы тұрғыда астындағы тағын, уақытша қызметін көтере алмайтындарды жемісі жоқ ағашқа балауға болады. Қансейіт ағамыз – болмысынан бекзат, адам баласына тек жақсылық тілейтін жа­ны жомарт жан. «Жақсы сөз – жа­рым ырыс» дегенді атам қазақ тегін айт­паған болар, елге жақсылық тіле­ген жанға Алланың берері де мол бо­лары анық. Осы тәмсілге сүйенетін бол­сақ, ағамыз – төңірегіндегілерге тек ақ тілегі мен жақсы сөзін ар­най­тын аузы дуалы жан. Жоғары оқу орнын тәмам­да­ғаннан бері өзі де ұстаз­дары­­ның жолын қуып жоғары мек­тепте шәкірт тәрбиелеумен айна­лы­сып келеді. Осы жылдар аралығында ұстаздық пен ғылымды бірге ұстап, білім мен ғылым саласына бірдей үлес қосуда. Өзімен қатар оқыған ақын Өтеген Оралбайұлы «қатарлас қа­ламгер, қанаттас дос, санаттас сын­шы, аббаттас әдебиетші» деп баға­ласа, жазушы Қуандық Түменбай аға­мыз Төле бидің ұрпағы «Қан­сейіт­те қасиет бар» дейді. Замандас­та­ры­ның берген бағасының астарына ға­лымның зерттеу еңбектері арқылы үңілуге болады. Қазақ әдебиеттану ғылымында же­­келеген қаламгерлердің шығар­ма­ларын зерттеген монографиялық үлгідегі зерттеулер қатары жеткілікті. Осы қатарды ғалым жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығы тура­лы «Ел мен жер» зерттеуімен то­лық­тырды. Жазушы шығармашылы­ғы туралы оған дейін жекелеген ма­қа­лалар мен шолу тарауларда айты­лып келсе, мұнда жазушының шебер суреткерлігі кешенді түрде зерттелді. Т.Әлімқұлов Қорқыт, Ықылас, Сейтек, Сүгір, Төлеген Момбеков, Әбікен Хасенов, Жаппас Қаламбаев, Генерал Асқаров сынды күйшілердің болмыс-бі­тіміне үңіліп, олардың тағдыр-тау­қыметін шығармалары арқылы сөй­­­летсе, зерттеуші осы тақырыпты зерт­теуде қазақ әдебиетіндегі өнер жә­не өнер адамдары деген тақы­рып­ты дендете зерттеуге бет бұрды. Ол – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында академик С.Қи­ра­баевтың басшылығымен жүзеге асқан «Қазақ романы: өткені мен бүгіні» атты ұжымдық монография­дағы «Өнер адамдары – роман кейіп­керлері», «Өнер адамдары тәуелсіздік әдебиетінде» тарауларының авторы. Бұл зерттеулер Тәкен арқылы қазақ романдарындағы өнер тақырыбын ғылыми саралауға жол ашты. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының дәстүрлі жалғасы болып табылатын Д.Әбі­левтің «Сұлтанмахмұт», С.Жүні­сов­тің «Ақан сері», Ә.Әбішевтің «Най­зағай», «Жаралы сұңқар», З.Ақы­шев­тің «Жаяу Мұса», «Шынардың шы­бы­ғы», Ә.Әлімжановтің «Махамбеттің же­бесі», К.Оразалиннің «Абайдан соң», А.Тоқмағамбетовтің «Жыр күм­безі», О.Сәрсенбаевтың «Шамшырақ», С.Досановтың «Екінші өмір» роман­дарындағы өнер адамдарының көр­кем бейнесін сомдаудағы жазу­шы­лар­дың суреткерлік шеберлігі қарас­тырылды. Ұлттық әдебиеттегі өнер адам­дары туралы романдар тәуелсіздік тұ­сында заңды жалғасын тапты. Зей­нолла Қабдоловтың «Менің Әуе­зовім» роман-эссесінің «қазақ әде­бие­тінің классигі Мұхтар Әуезовтің өмір­баяндық тағдырына, қаламгер­лік, ұстаздық қызметінің үлкен бір белесіне негізделгенін» баса айтса, Дүкенбай Досжан «Алыптың азабы» атты романында құпия сақталған де­рек­терді сөйлеткеніне, ұлы сурет­кердің тағдыр белестерінің тартыс­ты, трагедиялық тұстарына тиянақты тоқталғанына назар аударды. Бұл романда Мұхтардың бастан кешкен аза­бы мен қиянаты бүкпесіз баян­далғаны да зерттеуші нысанына ілік­­ті. Рамазан Тоқтаровтың «Абай­дың жұмбағы» романы жөнінде: «бір қайраткерге, өнер адамына арнап бірнеше шығарма жазуға болатын әлемдік тәжірибені ескеріп, ол Абай өмірін қайта бір ақтара-төңкере, өз көз­қарасын, өз танылымын таны­та­ды» десе, Нәбиден Әбуталиевтiң «Нар­­кес­кен» романында Исатай-Ма­ха­м­бет көтерілісі мен Исатай мен Ма­хамбет туралы ілгерінді-кейінді жаз­ғандары жинақталғанына көңіл ау­дарды. Илья Жақановтың «Ықы­лас» романында қазақ күй өнерінің та­рихы Ықылас Дүкенұлының өмір­бая­ны төңірегінде өрбіді. Аталған ро­мандардың көркемдік кестесін бағамдай отырып: «Бұл романдар қа­зақ әдебиетінде М.Әуезовтен бас­тал­ған өнер адамдарының өміріне ар­нап эпикалық көркем проза жазу дәс­түрін жалғастырады. Сонымен бір­ге оларда өнер мен өмірдің бір­лігін, ұлы тұлғалардың туған хал­қы­мен байланысын ашатын терең арна сақ­талады. Тәуелсіздік алған елдің көңіл күйі мен әдеби, мәдени мұраны жаңа­ша тануға ұмтылысы да көріне­ді», – деген тұжырым жасады. Ғылым – ұшы-қиыры жоқ шексіз мұ­хит тәрізді. Бір шетіне малтып қал­саң, тереңіне қалай бойлап кет­ке­ніңді өзің де байқамай қаласың. Қан­сейіт Әбдезұлының зерттеулеріне қарап отырып, әдебиеттану деп ата­ла­тын түпсіз терең мұхиттың асау тол­қындарын қалай бағындырғанын көруге болады. Әр жылдары жарық көр­ген «Қазақ әдебиетіндегі өндіріс та­қырыбы», «Кейіпкер және тартыс», «Т.Әлімқұлов және қазақ прозасы», «Т.Әлімқұлов және 60-80 жж. қазақ әде­биеті», «Әдебиет және өнер», «Жазу­шы және заман шындығы», «Та­рих және тағдыр», «Таным көк­жие­гі» еңбектерінде ұлттық әдебиет­тің түрлі мәселелері зерттелді. Кеңестік дәуірдегі әдебиеттану ғы­лымының өзекті тақырып­та­ры­ның бірі – өндіріс тақырыбы болға­нын еске алатын болсақ, ғалымның «Қа­зақ әдебиетіндегі өндіріс тақы­ры­бы» еңбегінің зерттеу нысанына ХХ ға­сырдың бірінші жартысындағы атал­ған тақырыпты қаузаған шығар­ма­лар ілікті. С.Сейфуллиннің «Айша», «Жер қазғандар», «Жемістер», І.Жан­сүгіров­тің «Жолдастар», Ә.Әбішевтің «Завал», С.Ерубаевтың «Менің құрдас­та­рым», Ғ.Слановтың «Арман ағысы», «Жа­нар тау», «Асау арна», Ғ.Мұста­фин­нің «Өмір не өлім», «Қарағанды», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ.Мү­сіре­повтің «Оянған өлке», З.Шаш­кин­нің «Теміртау», І.Есенберлиннің «Ай­қас», «Алтын құс» шығармалары – өз дәуі­рі­нің ауыр жүгін көтерген айтулы туын­дылар. Осы шығармалар жөнін­де өзіне дейін жазылған пікірлерге сүйене отырып ой қорытты, ғылыми айналымға түсірді. Ғалым қаламына тән ғылым мәдениетін сақтау – қазір ұмытыла бастаған құндылық. Қазір тарихты өзінен бастағысы келетін­дер қатары көбейіп келеді. Ғылымда қа­лыптасқан осы игі дәстүр ғалым­ның негізгі жетістіктерінің бірі бо­лып саналмақ. Ғалым жоғарыдағы зерттеу ны­санын «Тарих және тағдыр» ең­бегінде дәстүрлі түрде жалғас­ты­рып, ХХ ғасырдың екінші жарты­сын­дағы әдебиеттен орын алған тарихи тұл­ғалар туралы жазылған роман­дар­ға талдау жасады. Ұлт көсемдері өмір сүрген дәуір шындығы, қоғам­дық-саяси ахуал, әлеуметтік-рухани өмірдің бейнеленуі, жазушылардың суреткерлік шеберлігі, психоло­гия­лық талдау мәселелерін назарда ұс­тай отырып, қазақ прозасының бір дәуір­дегі туындыларына сараптама жа­сау оңай шаруа емес. Ұлттық әде­бие­т­тегі хандар мен билер, ұлт кө­сем­дері, өнер қайраткерлері, ақын-жы­раулар, ғалымдар мен қайрат­кер­лер туралы шығармаларды зерттей жү­­ріп осы тақырыптың кәнігі ма­ма­ны­на айналды. «Таным көкжиегі» зерттеуін қа­рап отырсаңыз, ғалымды қоғам өмі­рін­дегі кез келген айтулы мәселе тол­­­­ғандыратынын көруге болады. Со­лардың бірі – кітаптың беташары ре­тінде берілген «Ұлттық намыс жә­не Желтоқсан көтерілісі». Ұлттық әдебиеттің тарихына қарасаңыз, қа­зақ тарихынан орын алатын ай­тулы оқиғалар ақын-жазушылардың назарынан тыс қалған емес. Әдебиет тарихында тарихи тақырыптағы шығармалардың көптеп жазылғаны да сондықтан. Күні бүгінге дейін Жел­тоқсан оқиғасы деп айтылып жүр­геніне наразылық танытқан ғ­алым оны көтеріліс деп бағалайды. Бү­гінде 1986 жылғы Желтоқсан кө­те­рілісі қазақ әдебиетінен өз орнын ал­ды. Қаламгерлер қазақ жаста­ры­ның отаршыл империяға қарсылы­ғын көркемдеп те, әсірелеп те сурет­те­гені көркем шығармалардан бел­гі­лі. Ол жөнінде Қансейіт Әбдезұлы: «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін, ең алдымен қазақ жастарының ұлт­тық намыс жолындағы жанайқайы, жан дауысы, керек болса тоталитар­лық жүйе мәжбүр еткен, соның ас­там­­шылығына қарсы кемерінен асып тө­гілген ашу-ызасы деп қабылдауы­мыз қажет. Бұл көтеріліс, бұл ереуіл, біріншіден қазақ халқының ұлы ха­лық, намысты ел екенін айдай әлемге та­н­ытты», – деген пікірін ұсынады. Шын мәнісінде, Желтоқсан екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін жауын­гер қазақ халқының батырлығын, ерлігін, өрлігін әлемге паш еткен еді. Ғалым оны азаттық, теңдік жолын­да­ғы Сырым Датұлы, Махамбет Өте­місұлы, Исатай Тайманов, Кенесары Қа­сымов, Бекболат Әшекеев, Аман­гел­ді Иманов, Ұзақ Саурықов, Жәмең­ке Мәмбетов бастаған ұлт-азаттық кө­терілістермен ұштастырады. Жел­тоқсан – ұлт-азаттық көтерілістердің заңды жалғасы екеніне ешкім дау айта алмас. Қансейіт Әбдезұлы – ұлттық әде­биеттің арғы-бергі тарихын тұтас зерт­тегендіктен, әдебиетке қатысты үл­кен жиындардың тұрақты баян­да­машысы. Соңғы төрт-бес айдың ішін­­де қаншама тұщымды баян­да­малар жасады. Олардың қатарында Жазу­шылар одағының жылдық қоры­тындысында әдебиеттану мен сын жөніндегі баяндамасын, ұлт ұста­зы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл­дық, жазушы Рахметола Райым­құлов­тың 110 жылдық, балалар әде­биетінің бағбаны М.Әлімбаевтың 100 жылдық, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ж.Ысмағұлов, А.Нұр­қа­товтардың 95 жылдық, жазушы, журналист Серік Әбдірайымұлының 80 жылдық мерейтойларына арнал­ған конференциялардағы баянда­ма­ларын атасақ та жетіп жатыр. Атал­ған баяндамалардың көпшілігі Egemen Qazaqstan, «Ана тілі», «Қазақ әде­биеті» сияқты бас газеттерде, кон­­­­ференция материалдарының жи­нақтарында жарияланды. Әдеби процесске арласып, өз үнін білдіріп жүретін ғ­а­лым­ның әдеби сынға еркін араласуын ерек­ше атаған жөн. Сонымен бірге қо­ғам және мемлекет қайраткері А.Ас­қаров, әдебиеттанушы-ғалымдар З.Қаб­долов, Т.Кәкішұлы, С.Қирабаев, З.Ах­метов, Ә.Дербісәлі, А.Қыраубаева, Ғ.Есім, Б.Жұмағұлов сынды ұстаз-аға­ларының мұрасын насихаттау ісінде үне­мі белсенділік танытып келеді. Жуыр­да Х.Досмұхамедов атындағы Аты­рау мемлекеттік университеті ұйым­дастырған академик Зейнолла Қаб­доловтың 95 жылдық мерей­тойы­на арналған конференцияда «Қаб­долов және Махамбет тұлғасы» де­ген баяндама жасады. Бұл қатарға аға буын ақын-жазушылардың шы­ғар­машылығына қатысты респуб­ли­калық, халықаралық конференция­лар­ды қоссаңыз, ғалымның әдебиет май­данындағы еңбекқорлығын, үл­кендерге құрмет жасаудағы ізет­тілі­гін жазбай тануға болады. Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығын алған «Семсер» ат­ты сын мақалалар мен әдеби порт­рет­тері жинақталған кітабында қа­зақ әдебиетінің өзекті мәселелері әр тұрғыда қарастырылған. Қазақ ұлт­тық университетінде дәріс оқыған ака­демик М.Әуезовтің мазмұнды дәріс­терін тарата сөз етуде ұлттық әде­биеттің негізгі мәселелеріне назар ау­дарған. Әдебиет теориясының бі­лікті маманы, академик З.Қабдолов пен ежелгі дәуір әдебиетінің білгірі Н.Ке­лімбетов зерттеулерін ғылыми сара­лауда, қазақ әдебиеті мен әде­биеттану ғылымының жетістіктерін ба­ғамдайды. Әдеби сынға құбылыс алып келген Төлеген Тоқбергенов пен Сай­лаубек Жұмабекұлының мұра­сы­на шолу жасауда, қазақ әдеби сыны жүріп өткен жолға баға береді. Ғалым сыншылардың қазақ әдебиетін биік белеске көтерудегі тынымсыз еңбек­тері сыни мақалаларымен тұжырым­даған. Сонымен бірге автор ұлттық әде­биет­ке құбылыс алып келген көркем шы­ғармаларға талдау жасағанда М.Х.Дулатидың «Жаһан наме» дас­та­ны мен С.Елубайдың «Ақ боз үй» ро­ма­нына ерекше көңіл бөлген. Қазіргі қа­зақ дастандары туралы сөз еткен­де, Абай дәстүрін жалғастырған ақын­дардың шығармаларындағы дәс­түр сабақтастығы мен жаңа­шыл­дық мәселесі қарастырылған. Ұлттық әде­биеттегі дәстүр сабақтастығын Т.Із­тілеуов дастандарындағы жыр үлгі­лерімен сабақтастыра зерттеуі құп­тарлық. Ғарифолла Есімнің про­залық шығармаларын қарастыруда, философиялық қазақ прозасының көр­кемдік жетістігі сараланған. Атал­ған зерттеулерден ғалымның әде­биет­тің сан қырын ашуға, оны оқыр­ман­дарға насихаттауда өлшеусіз ең­бек етіп жүргені анық көрінеді. Барға асып-таспайтын, жоққа жасымайтын ағамыздың әде­биет­тану ғылымына сіңірген еңбек­тері алыс-жақын елдің ғалымдарына бе­сенеден белгілі. Талай қызметті ат­қарып жүргенде өзіне емес, елге бол­сын деген ол Ғылым күні қар­саңын­да «Қазақстан Республи­ка­сы­ның Ғылымын дамытуға сіңірген ең­бегі үшін» төсбелгісімен марапат­та­лды. Бұл марапатты ұстазымыздың университет қабырғасынан кеше шыққан шәкірттері алып жатқанын кө­зіміз көріп жүр. Осы жасқа келген­ше еңбегі мемлекет тарапынан баға­лан­бағанмен, ел алдындағы, ғылым­дағы абырой беделі жоғары екенін кө­зі қарақты жан жақсы біледі. Осы сәт­ті пайдаланып айтарымыз, жазға­ны­нан жазары көп ғалымның жаза­ры көп болуына, еңбегі дер шағында ба­ғалануына, ағамыздың төсбелгісі мем­лекеттік үлкен марапаттарға ұла­суына тілекшіміз. Соңғы кітабын «Сем­сер» деп атаған Қансейіт Әбде­зұл­ы­на әдебиет майданындағы ал­дас­паныңыз жарқырап, алдыңғы шеп­тен табыла беріңіз деген тілек ай­тамыз.

Гүлжаһан ОРДА, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі.