Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы талқыланды

ашық дереккөзі

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы талқыланды

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы қашан жүзеге асады? Қор қаржысынан балалар қанша үлес алады? Оның тетіктері қандай? Жыл сайынғы жинақ соммасы қанша? Жинақтар қандай мақсатта жұмсалады? Қазір қоғамның қызығушылығын туғызып, көпшілік арасында қызу талқыланып жатқан осы тақырып бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысында талқыланды. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылатынын айтқан болатын. Осы ретте ол жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын балалардың жеке шотына аударып отыруды ұсынды.