Саяси қуғын-сүргін және Мұстафа Шоқай

Саяси қуғын-сүргін және Мұстафа Шоқай

Саяси қуғын-сүргін және Мұстафа Шоқай
ашық дереккөзі
Ресей патшасының тақтан таюы, Уақытша үкі­меттің саяси сахнаға келуі ғасырлар отары бо­­лып келе жатқан Ұлы дала сана­сына шоқ тү­сірді. Алаш басшыларын жаңа­ша ойлауға же­теледі. Әлихан Бөкейхан, Мұс­тафа Шоқай, Мір­жақып Ду­латұлы 1917 жылы сол кездегі сая­си орталық болған Орын­бордан «Алаш ұлы­на!» ашық хат жолдады. Онда «Азат­тық таңы атты. Тілекке Құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяу­дай ар­ман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қор­лық­та ұстаған жауыз үкі­мет, өзгеге қазған оры өзіне ша­ғын көр бо­лып, қайтпас қара сапарға кетті» деп жа­зылды. Алайда «Бізге осындай теңдік әперіп отырған орыс халқының ақ жү­рек, адал ниетті көсемдері» деген те­біреніс пен «Бұл күнде жұрттың бә­ріне туысқандай тең қарайтын, еш­кімді алаламайтын жаңа үкімет сай­ланды» деген қуаныш көпке ұза­май, Уақытша үкімет сахнадан кетті. 1917 жылы Ресей мен Шығыстың мұ­сылман еңбекшілеріне жолдаған Үн­деуінде: «Уақытты өткізіп ал­маң­дар, ғасырлар бойы жерлеріңізді жау­лап алып келгендерді серпіп тас­таңыздар! Ендігі жерде күлге ай­нал­ған жерлеріңізді олардың тонауына жол бермеңдер! Тұрмыс тіршілік­те­ріңіз­ді Сіздер өздеріңіздің салт дәс­түрлеріңізге сай, өз қалауларыңызға орай құруға тиіссіздер!...» деп және адам­зат баласын біріне-бірін қарсы қойып, қоғамды тапқа бөле билікке кел­ген большевиктер сөзі желге ұш­ты. Кешегі отарлық кездегі Ұлы да­­ла­ның сансыз қарсылы­ғынан хабардар, ұлы державалық шо­винизммен ауыр­ған кеңестік жүйе бар берген уәде, ұран­дарын ұмы­тып, саяси сахнаға шық­қан Ре­сей федерациясының құ­ра­мында құ­рылған ұлттық мем­ле­кеттік құ­ры­лымдарды артық көрді, олардың ке­лешегінен сескенді. Ал халықтың қа­мын ойлап, азаттық үшін жаңаша кү­рескен ұлт қайраткерлеріне «бур­жуазияшыл-ұлтшыл» деген айып та­ғып, жаппай қудалады. Мұның ай­қын мысалына Түркістан мұқ­тария­ты мен оның басшысы Мұстафа Шоқай тағдырын алуға болады. Орталық Азияда тұңғыш құ­рыл­ған жаңа сипаттағы мемлекеттік құ­­­­рылым Түркістан мұқтарияты бар­­лығы 64 күн ғана өмір сүрсе, ұстап бергенге 1000 сом уәде етіліп, қудаланған оның басшысы Мұстафа Шоқай шетелге кетуге мәжбүр болды. Ол алдымен Кавказға жетіп, 1919 және 1920 жылдары екі жылдай Гру­зияда болып, большевиктер оны да ба­сып алғаннан соң Түркияға ығыс­ты. Онда қалыптасқан саяси жағ­дай­дан тұрақтай алмай, 1921 жылдың ма­мырында Францияға жетті. Өмірі­нің 20 жылдан астамын осында өт­кізді. Ресейдің маңдай алды оқу орын­дарының бірі Петербург уни­вер­си­те­тінде терең білім алып, Орталық пен Түр­кістандағы саяси жұмыстың ал­ғаш­қы бедерлі белестерінен өткен Мұс­тафа Шоқайға Парижден жылы орын тауып, өзіне жететіндей тірлік ету­ге әбден болатын еді. Бірақ ол та­би­­ғатында ондай жан емес-ті. «Мұ­ға­жырлық (эмиграциялық- Ә.Б.) өмір­дің машақаты көп-ақ», – деп өзі айт­­­қан­дай, жат жердегі тірліктің тау­қы­метін тарта отырып, Түркістан хал­қы­ның азаттығы үшін күресін бір сәт то­ластатпады, қайта күшейте түсті. Енді қаламның күшіне жүгінді. Содан 1919 жылы Грузияда басталған қа­жырлы жұмыс Парижде жалғасын тап­ты. Мұстафа Шоқай Кеңес Ода­ғын­дағы түркі халықтарына қатыс­ты, оның ішінде Түркістан аймағын­да жүргізіліп жатқан өктем орыстан­дыру саясатын қатал сынға алып, түр­лі басылымдарда ондаған мақа­ла­лар жарияласа, Париж, Берлин, Вар­шава, Лондон т.б. қалаларда бо­лып, баяндамалар жасады. Мұның барлығы Ресейге жетіп жатты. Содан бір жағынан мемлекеттік қауіпсіздік органдары түрлі әрекеттерге барса, рес­ми кеңестік насихат Мұстафа Шо­қайға «сатқын», «опасыз», «контр­ре­­­волюционер», «нағыз пантюркист» және «панисламист» дегендей аттар тақ­ты, түрлі мазмұнда мақалалар жа­рия­лады. 1941 жылы ол қайтыс бол­ғаннан соң оның рухымен күрес жал­ғасты. Алайда мұның барлығы аты әлемге мәлім болған тұлға үшін же­тімсіз саналды. 1968 жылы Алма­ты­дағы «Жазушы» баспасынан С.Шә­кібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты деректемелік повесі шықты. Ол 1972 жылы орыс тілінде де жарық көріп, 200 мың данамен бү­кіл Одаққа тарады. Бұл аздай по­вес­ть 1976 жылы қырғыз тіліне ау­да­рыл­ды. Автор, қауіпсіздік комите­ті­нің қызметкері Мұстафа Шоқай гит­лершілермен ауыз жаласқан, азия­лық тұтқындарды Кеңес өкіме­тіне қарсы соғысуға үгіттеп, олардан «Түр­кістан легион» жасақтауға қа­тыс­қан, Отанын сатқан опасыз, дұш­пан ретінде суреттеуге барын салды. Бұл арзанқол туындыға тәуелсіздік жылдары тиісті жауаптар берілге­ні­мен, кешегі жүйелі насихаттан сана­ға терең кіріп қалған жалалар бүгінде де бой көрсетіп келеді. Осындай себептермен ерте­рек­те оқылған бұл кітапты қайта қарауға мәжбүр болдық. Біздің айтарымыз он сегіз тараудан тұратын деректемелік деп аталған повестің ой­дан құрастырылған мәліметтерге құ­рылған алғашқы төртеуі Мұстафа Шо­қайдың Түркістан легионына қа­тысты ұсынысын неміс басшы­ларының қолдауынан басталып, мұның барлығына Уәли Қаюмның қызғанышы, күншілдік отының тұтануына алып келіп, ақыры сүзек ауруына шалдыққан Мұстафаға у беріп өлтірілуімен аяқталады. Тіпті, 1941 жылдың 27 желтоқсанында дү­ниеден озған Мұстафа Шоқайды 1942 жылдың наурыз айында қайтты деп жазылуының өзі кітапқа сенімді жояды. Бұдан арғы он төрт бөлімде Түр­кістан легионындағы жұмыстар, «Үлкен Түркістанның» президенті бол­ғысы келген Уәли Каюмның түрлі әре­кеті туралы жазылған. Тек Мұс­тафа Шоқайға қатысты «Совет үкі­метінің ұлт мәселесі жөніндегі сая­сатын әшкерелемек болды. Әсіресе, Түркістанда қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен ұлт республика­лары­ның құрылуын большевиктердің отар­шылдық саясатының нәтижесі деп көрсетті», «Шоқаевтан артық со­ветке қас адам табыла бермес» деген сөз­дер мен оның лагерьлерді ара­лауы, олардың ауыр тұрмысын көрді деп жазылған мәліметтерге ғана сенуге болады. Кезінде Одаққа тараған жал­ған мә­ліметтер туралы кезін­де сан рет жазылып, талқыға түссе де, Мұстафа Шоқай Түркістан легио­нын құруға қатысты, немістермен бір­ге қызмет етті деген пікір әлі жал­ғасып келеді. Фактілерге жүгі­нейік. 2012 жылы белгілі ақын Қа­сым­хан Бегманов осындай пікірде бол­ған шығысқазақстандық орыс тіл­ді журналистермен бірнеше ай сот­тасып, жеңіп еді. 2014 жылы Аста­на қалалық мәслихатында Мұстафа Шо­қайдың атын қаладағы №51 орта мек­тепке беру туралы ұсыныс қарал­ғанда, біреуі ғылым докторы, про­фес­сор, екіншісі кейін Парламент Се­натына депутат болып сайланған мәслихат депутаттары Мұстафа Шо­қайды неміс фашистерімен бай­ла­ныстырып, қарсы болып, ұсынысты өт­кізбей қойған болатын. «Жаңыл­майтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді қазағым. Ең өкініштісі – қалған жиырмадан астам депутаттардың бір­де біреуі бұл кезде аты елде кем та­нылмаған Мұстафа Шоқайды қор­ғай алмады. Саяси сауатсыздыққа дауа бар ма? Ал Сыр бойының басты қа­ласы Қызылордада 2017 жылы Мұс­тафа Шоқайдың еңселі ескерт­кіші бой көтергенде жаңылыс емес, тікелей жағымсыз үн қатқандар тағы болмай қалмады. Қазір ашық баспа­сөз­де жазылмағанымен, әлеуметтік желілерде қайшы көзқарастар елес беріп қалады. 2020 жылғы 24 қараша­да жарық көрген KAZMEDIC.ORG аты әлеуметтік желіде «Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы» атты орыс ті­ліндегі материалда көптеген мәлі­мет­­тер дұрыс баяндалып келіп, бы­лай жазылыпты «Түркістан легионы – Вермахт бөлімшесі, ол КСРО мен Орталық Азияның түрік халықта­ры­ның (қазақтар, өзбектер, түрік­мен­дер, қырғыздар, ұйғырлар, татарлар және т.б.) өкілдерінен тұрады. Негізін қалаушы – Мұстафа Шоқай». Осы ма­те­риалда Түркістан легионы 1941 жы­лы 15 қарашада 444-күзет диви­зия­сының жанынан «Түркістан пол­кі» деп аталатын нысанда құрылды деп жазылған. Бұл тікелей Түркістан легионына қатысты емес. Неміс қа­ру­лы күштері құрамында түркіс­тан­дықтардың, армяндардың, гру­зин­дердің және кавказ мұсылмандары­ның легиондарын құру туралы Гит­лер­дің бұйрығы 1941 жылы 22 жел­тоқсанда шықты да, ол 1942 жылдың жа­зында Польша, Украина жер­лерін­де жүзеге асты. Саны нақты белгісіз, миллион­да­ған кісілердің өмірін жойған кеңес­тік қуғын сүргіннің өзіндік бір ерек­ше­лігі қырып жоюды Алаш басшы­лары­мен шектемеді, олармен идея­лас, қызметтес болғандарды, тіпті олар­дың саяси қызметтерінен хабар­сыз ағайын туыстары мен ұрпақта­ры­на дейін қырғидай тиді. Бұған та­ғы да Мұстафа Шоқайға қатысты ма­териалдар дәлел бола алады. Шо­қайшылдар деп қанша азаматтар жауап­қа тартылды. Күнделікті қиын­дықтан мүмкіндігі бар ағайындары көрші республикаларға көшті. Ал елде қалған туған інісінің жағдайын оның хаттарынан білуге болады. Өкі­ніш­ке қарай біздің қолымызда Мұр­та­заның 1923-1924 жылдары жа­зыл­ған төрт хаты ғана бар. Олардың маз­мұнына қарағанда екі жақты ха­барласу кем болмаған, бірақ олар бел­гілі себептермен біздерге түгел жет­пеген. Тіпті Мұстафа Шоқайдың іні­сіне жазған бірде бір хаты осы күн­гі жинақтардың бірде біреуінде жоқ. Мұртаза Шоқайұлының 1923 жыл­ғы 4 наурыздағы хаты ағасының ба­ла күнінен достық қатынаста бол­ған, кейін Түркістан Уақытша үкі­ме­тінің Ішкі істер министрінің орын­ба­сары қызметін атқарған Әбді­рах­ман Оразаевқа жолданғанымен «қып­­шақ баласына берерсің» де­ге­нінен оның Мұстафа Шоқайға жа­зыл­ғанын айқын көрсетіп тұр. Онда «Біздің аман жаманымыздан көптен бері хабары жоқ шығар» деп, елдегі жағ­дай туралы жазып, аға інілерінің қай­тыс болғандарын мәлім етеді. Өт­кен 1922 жылы бір екі хат салғаны, алай­да оны ағасының алған алма­ға­нынан хабарсыз екені жазылған. «Сіздердің аман жүргеніңізді естіп, көңіліміз тынды», «Мұнан басқа сөз жа­­­зуға болмайды» деген қысқа сөй­лем­дердің өзі ақ сол кездің шынайы кө­рінісін бере алады. Келесі, 1923 жыл­ғы 19 сәуірдегі хатта Мұртаза осы кезге дейін ағасынан хабар ал­ма­ған соң кейбір бұрынғы ақпарат­тар­ды қайталайды, сонымен қатар соң­ғы хатты Ташкентте белгілі түр­кістандық қайраткерлер Сұлтанбек (Қо­жанов) және Санжардан (Аспан­дияров) алғанын жазады. Ағасының келуін аңсаған Мұртаза хатта «ке­лем» деген сөздің жоқтығын, келесі жауап хатында келер-келмесін айт­уын өтінеді. Бұл автордың жалғыз өзі­нің ғана емес, ауылдағы ағайын-ту­ғандардың да сағынышы екенін хат жолдаушының «Мұртаза Шо­қай­ұлы мен ауылдастары» дегенінен бел­гілі. Ал 2 қыркүйектегі жазға­нын­да Мұртаза бірнеше хат алғанын, аға­сының елдің хал жағдайынан ха­бардар болғанын, ауылдың тұр­мыс-күйінің нашарлағанын, аяқты малдың күн өткен сайын азайып бара жатқанын, өзінде сауын сиыр, жұм­сарлық өгіз ғана қалғанын, өзі­нің негізгі тіршілігі диханшылық еке­ні, бірақ мұның да мардымды емес­тігі айтылған. Ел ішінде түрлі ауру­лар жайлап, екі жылдан бері ше­гірт­ке шығып, егіндерді жесе, қой еш­кі қотырдан қырылып, ауылдар мал­сыз қалған. Бұлар белгілі жағ­дай­да жергілікті кеңестік әкімшіліктің қыз­мет деңгейін, жұртшылыққа де­ген қатынасын танытады. Хат соңын­да елдегі қыпшақ, найман жақсыларының сәлемі жолданған. Ал 1924 жылғы 16 қаңтарда жазған «Дұ­ғай сәлем Мұстафа ағайға» деп бас­талатын соңғы төртінші хатта аға­сының 4 қыркүйек, 3 қазан, 6 жел­тоқсанда жазғандарын алғанын, соң­ғысында ағасының «неге хат жаз­байсың?» деген сөзінің жанына жа­ман батқанын айта келіп, өзінің жұ­мыстағы жағдаймен екі ай қа­мауда отырып шыққанын, соның се­бебінен еккен егіннен өнім ала ал­мағанын хабарлайды. Осы хатта «Еш туысқаннан жақындық көріп жүрген жоқпын» деген жолдар бар. Бұл кезде жақын ағайын туыстар түгіл дерлік Кеңестің тиісті мекеме­ле­рінің бақылауына алынған бола­тын. Сол себепті олар Мұстафа өскен шаңырақтан аулақ болуға тырысты. Бұған жергілікті әкімшілік мәжбүр етті. Осылай басталған саяси қуғын-сүр­гіннің 30-жылдардағы аяғы Мұр­таза тағдырын да шешкен болатын. Ол 1937 жылдың 1 қарашасында Оң­түстік Қазақстан облысы бойын­ша Ішкі істер Халық комиссариаты бас­қармасы «үштігінің» қаулысы бойын­ша ату жазасына кесілді. Кеңестік жүйенің қудалауы Мұр­­тазаның ұрпақтарына дейін жалғасты. Өзіме мәлім бір жайтты баян етейін. 1950 жылдардың ба­сында Қызылорда қаласының сол кез­дегі Некрасов, кейін Жарқынбаев атын­дағы көшесінде Мұртазаның баласы Мадиярдың үйімен көрші тұр­дық. Мен өскен шаңырақ бұл отба­сымен ертеден араласып келеді екен. Көршілік тіптен жақындатып жіберді. Сөйтсем, Мұстафа мен Мұр­та­заның анасы Бақты – Қозыбектің қы­зы екенін Ахмет атамнан білдім. Ал Бақтының туған ағасы Баспақ (Мәм­бетәлі – Ә.Б.) батыр Ахметтің ата­сы болып келеді. Осындай себеп­терден екі отбасы қонақтарды кейде бірге қабылдап отырды. Мадиярдың анасы Зулфия әңгіме ара­сында: «Біздің қайнаға жеті пат­ша­ның тілін біледі. Сақал-мұртын ал­тынның буына ұстаған» деп оты­ра­тын. Шешеміздің тіл туралы айтқа­ны­ның растығына Мұстафа Шоқай­дың туғанына 125 жыл толуына ар­нап Алматыдағы Ұлттық кітапхана шы­ғарған «Библиографиялық көр­сеткішті» парақтағанда көзіміз жетті. Онда көрсетілген 900-дей еңбек то­ғыз тілде жарық көрген болатын. Бірде Мадияр аға Ахмет атамды қонаққа шақырды. Мен еріп бардым. Бұл соңғы кездесу екен. Шай үс­тінде үй иесі ресми органдарға «бұл халық жауының баласы, оның оқу­шыларға білім-тәрбие беруге құ­қы жоқ» деген мазмұнда арыздар тұ­рақты түсіп, жауаптан әбден қа­жып жүргенін, содан Оңтүстік Қа­зақстанға көшуден басқа жол қал­ма­ғанын қынжыла айтты. Ол қала ірге­сіндегі «Кооператив» атты елді ме­кеніндегі қазақ орта мектебінде орыс тілінен сабақ беретін. Содан көп ұзамай Мадияр көшіп кетті. Оның ол жақтағы жағдайы да мәз бол­маған. Қудалаудан әбден қажыған ол мұғалімдікті қойып, қара жұмыс істеген, тіпті бірде өзін өзі өлтірмекші де болған көрінеді. Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шы­ғармашылық қызметіне бай­ла­ныс­ты шынайы шындық елімізде Тәуел­сіздік туының көтерілуімен аян бола бастады. Кеңестік жүйе кел­мес­ке кетті. Алайда ұлы тұлғаға деген оң көзқарас толық қалыптасты деуге әлі ерте. Бұған осы кезге дейін Мұстафа Шо­қайдың «Яш Түркістан» журна­лын­да жарияланған 224 мақаласы­ның ғана аударылып, арнайы жинақ­тар­ға енгенін, ал орыс, француз, ағыл­­шын, неміс, поляк, түрік тіл­де­рін­дегі 600-дей еңбектері әлі ана ті­лі­мізге аударылмай отырғаны дәлел бо­ла алады. Мұстафа Шоқай өзінің бар күш-жігерін, қабілет-қарымын бір-бірімен астасып, бірін-бірі аша түсіп, бірін-бірі толықтырып жатқан шартты түр­­де ғана айтылатын саяси ұйым­дас­тырушылық һәм шығармашылық қыз­метінің басты мазмұны мен не­гіз­гі мұраты кеңестік жүйе тудырған шынайы озбыр шындықты әшкере­леп, оның халыққа жат саясаты ту­ра­лы әділ, объективті көзқарас қа­лып­тастыруға жұмсады. Осылай ел­ден жеткен материалдарға кеңес­тану­лық ғылыми тұрғыдан талдау жасап, баға беріп, бұл бағытты жаңа ин­теллектуалдық көкжиекке кө­терді. Осы сәтте қағидатты бір мәселеге на­зар аудара кетейік. Өйткені қоға­мымызда ежелден көрші болып келе жатқан Ресейді Мұстафа Шоқайдың соншалықты қатал сынағанын ұната бермейтіндер жоқ емес. Дұрыс ақ. Алайда ұлы тұлға Ресейді сынағанда оны орыс халқының отаны ретінде емес, шеткері аймақтар үшін озбыр ұлт­тық саясат ұстанған патшалық жә­не кеңестік биліктің орталығы ретін­де сынады. Сондай ақ Мұстафа Шо­қайдың «мемлекетте жаман ха­лық жоқ, жаман адамдар бар» дегенін де ескерсек артық болмас. Сөз соңында айтарымыз: кешегі кеңестік жүйенің жалаларынан то­лық ақтап қана қоймай, кең мағы­на­да­ғы Түркістанның азаттығын, бүкіл түр­кі жұрттының тәуелсіздігін аңса­ған, сол үшін бар қажыр-қайратын жұм­саған аса ардақты тұлға Мұстафа Шо­қайды барынша танып, оның аса мол ұлттық идеялары мен асқақ мұ­рат­тарын халқымыздың рухани қуа­ты етсек ұтарымыз мол болмақ. Мұ­ның Тәуелсіздігімізді тұғырлы етер­де тамаша тәсіл, асыл амал бола­рына күмән жоқ. Әбдіжәлел Бәкір, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы